1326

Елордада «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы басталды

Мұқтаж ата-аналар өтініштерін арнайы платформада қалдыра алады, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.

Елордада оқу жылы қарсаңында әлеуметтік осал санаттағы балаларға көмек көрсетуге бағытталған «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы басталды. «Менің Атамекенім» порталында «Мектепке жол» atamekenim.kz платформасы бар, онда мұқтаж ата-аналар өтініш қалдыра алады.

«Бұл платформа мұқтаж адамдар мен қайырымдылық жасаушылар арасындағы тікелей байланысты қамтамасыз етеді.

Қазіргі уақытта порталда Нұр-Сұлтаннан 3229 өтініш тіркелген. Кезек бойынша меценаттар мен кәсіпкерлер отбасыларға көмек көрсетеді», - деп атап өтті білім басқармасында.

Тізімдегі алғашқы он отбасыға 15 тамызда планшеттер ұсынылады.

Айта кетейік, жыл басынан бері акция аясында 4203 мұқтаж оқушыларға 42 миллион теңгеден астам сомада көмек көрсетілген.

Акцияға қатысуға ниеттілер кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау бөліміне мына телефондар арқылы хабарласа алады: 55 01 7955 69 60.

Айта кетейік, аз қамтылған отбасыларға көмек тұрақты негізде көрсетіледі. Жыл басынан бері балаларға смартфондар, ноутбуктер, киім-кешек, кітаптар, үстел ойындары сатып алынып, қаржылай көмек көрсетілді.

6 мамырда «Ситибанк» АҚ бастамасымен, БҰҰ Қорымен (ЮНИСЕФ) серіктестікте алты және одан да көп бала тәрбиелеп отырған отбасылардан шыққан ерекше қажеттіліктері бар балаларға, ауыр сырқаттары бар балаларға көмек көрсетілді. Жалпы, Нұр-Сұлтанда 40 балаға ноутбуктер таратылды.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109