960

2020 жылы білім беретін 26 мекеме жөндеуден өтеді

Алтай Көлгінов бірқатар білім беру мекемелерін аралады, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты әкімнің «Инстаграм» парақшасына сілтеме жасап.

«Жаңа әлеуметтік нысандардың құрылысымен қатар қаладағы ғимараттарға да назар аудару қажет. Биыл білім беретін 26 мекемеде күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргіземіз. Олардың қатарына мектептер, колледждер, балабақшалар жатады. Олардың басым бөлігін «жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында жүзеге асырамыз. Бұл жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді.

Мәселен, «Жоғары көлік және коммуникация колледжі» ғимараты 75 жыл бұрын салынған. Мұнда ғимараттың қасбеті бойынша жөндеу жұмыстары жүргізіліп, 130-дан астам терезе ауыстырылды.

Колледж нарықта сұранысқа ие мамандарды шығарады. Мысалы, мекемеде электрмен жабдықтау, тасымалдауды ұйымдастыру және теміржол көлігіндегі қозғалысты басқару, салалар бойынша логистика және т.б. сияқты мамандықтарға оқуға болады.

Сондай-ақ кешкілік аралау барысында №58 мектеп-гимназиясына бардым (Ақан Сері көшесі, 22). Мектепте күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі деп шештік.

Оқушылар «кезекші топтарда» оқитын білім беру мекемелерінде дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр. Әлеуметтік қашықтықты сақтау туралы белгілер қойылады, оқушылар парталарға шахмат тәртібімен отырғызылады», – деп жазды Нұр-Сұлтан әкімі.

Фото: Александр Куприенко

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109