771

Нұр-Сұлтанда нөсер кәріздерінде заңсыз жалғанған байламдар анықталды

Нұр-Сұлтан қаласында нөсер кәріздеріндегі заңсыз жалғанған байламдар мен оларға өндірістік, тұрмыстық қалдықтарды төгуді анықтау жалғасуда. Жеке үйлердің, кеңселердің және басқа ғимараттардың иелері көбіне өз нысандары кәрізінен қоқысты нөсерлі су жүйесіне ағызып жібереді. Осылайша нөсер мен кәрізді тазарту қондырғыларының жұмысын ауырлатады. Заңсыз байламдар Оңтүстік Шығыс, Агроқалашық, Көктал тұрғын алабы, Артем базарының аумағынан және басқа да жеке секторлардан анықталуда.

Рейд барысында 40 заң бұзушылық дерек анықталды. «Хан Шатыр» сауда ойын-сауық орталығы мен көше бойындағы нөсер кәрізі желісіне кәрізді төгудің 2 жағдайы тіркелді. Хусейн бен Талал көшесінде бірнеше рет бұзушылық деректері тіркелді. Нәтижесінде заң бұзушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылып, жалпы сомасы 220 мың теңгеден астам айыппұл салынды.

Ағынды суларды, тұрмыстық қалдықтарды, құрылыс қалдықтарын және басқа да қоспаларды рұқсатсыз ағызу сорғыларды бітеп тастайды. Нөсер суларын тазарту қондырғыларының арнайы сүзгілері тек жаңбыр, еріген және жер асты суларына арналған, бірақ тұрмыстық және кәріз ағынды суларын соруға арналмаған. «Elorda Eco System» коммуналдық кәсіпорнымен бірлесіп рейдтер тұрақты негізде жүргізіледі.

Қала көшелерін су басудың алдын алу үшін нөсер кәріздері мен тазарту қондырғыларының 3 үлкен құрылысы жүруде. Ірі жобалардың бірі – Жастар шағын ауданында тазарту қондырғыларының құрылысы (Ташенов пен Амман көшелерінің қиылысы). Бұл Ташенов, Бараев, Уәлиханов, Иманбаев көшелері мен Республика даңғылын су басудың алдын алады. Жоба 2021 жылы толығымен аяқталады.

Алдағы күзде Б.Момышұлы көшесінің проблемалық учаскесінде басты нөсер кәріз коллекторының құрылысы аяқталуда (Дауылпаз көшесінен Елім-ай көшесіне дейін).

Осы жылдың соңына дейін Тельман тұрғын алабында тазарту қондырғылары мен басты коллектор салу бойынша жұмыстар аяқталады. Сыйымдылығы тәулігіне 36 мың текше метрден асады. Жобаны іске асыру Тельман тұрғын алабын, № 27 көше бойындағы перспективті даму аймағы және т.б. жер үсті ағындарын тартуға мүмкіндік береді.

2019 жылы Мыңжылдық аллеясы ауданындағы екі учаскеде нөсер кәріздері мәселесі шешілді.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109