659

МӘМС аясында 11 мың азаматтың мәртебесін анықтауды жақын арада аяқтау тапсырылды

Нұр-Сұлтанда қала әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкеннің төрағалығымен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды жүзеге асыру жөніндегі аймақтық штабпен онлайн-кездесу өтті, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.

Қатысушылар МӘМС енгізу аясындағы мәселелерді және өзін-өзі жұмыспен қамтыған халықты рәсімдеу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарды талқылады.

Нұр-Сұлтан қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы басшысының орынбасары Бақтияр Ғарифуллин МӘМС аясында өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтарды ресімдеу туралы айтты.

Жалпы алғанда, 129 542 адамнан бүгінгі күнге дейін 118 425 адамның ақпараты жаңартылды.
11 127 азамат туралы ақпарат өңделуде. Оның ішінде көшіп кеткен, міндетті зейнетақы жарнасынсыз жұмыс істейтін студенттер, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар, тіркелмеген жұмыссыздар және басқа санаттар бар. Өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтардың ақпараттарын өңдеу жеке тұлғалардың және халықты тіркеудің мемлекеттік дерекқоры арқылы жүзеге асырылады.

«Бейресми өзін жұмыспен қамтыған халықтың мәртебесінің белсенді емес болуының негізгі себебі – нәтижесіз жұмыспен қамтылу. Бұл күтушілер, үй қызметкерлері, репетиторлар, фрилансерлер және басқалар, халықтың ішкі және сыртқы көші-қоны. Яғни, азаматтар шығарылады, бірақ одан әрі тіркелмейді, дұрыс емес мекен-жайлар көрсетіледі. Сондай-ақ еңбек шартынсыз жұмыс істеу; жұмыс берушілер тарапынан «конвертпен» еңбекақы төлеу себептері де бар», - деді Ғарифуллин.

Аталған мәселенің алдын алу мақсатында өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтарды ресімдеу және міндетті медициналық сақтандыруға қатысу аясында Бірыңғай жиынтық төлем туралы (БЖТ) ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

«Өздеріңіз білесіздер, 1 шілдеге дейін барлық медициналық қызметтер қазақстандықтарға ақысыз негізде ұсынылды. Осы уақыт ішінде барлығы МӘМС жүйесінде шартты сақтандырылған деп саналды. Алайда жеңілдік кезеңі кейінге қалдырылған жоқ, ол ай сайынғы төлемді төлеуден босатпайды. 2020 жылғы 1 қаңтардан 1 шілдеге дейін төленбеген айлар үшін төлемдер жасалуы керек», - деді денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Гүлназ Досмырзаева.

Кездесуді қорытындылай келе, Нұр-Сұлтан әкімінің орынбасары Бақтияр Макен бірқатар нақты тапсырмалар беріп, соның ішінде халық арасында түсіндіру жұмыстарын күшейтуді тапсырды. Сондай-ақ, алдағы уақытта 11 146 азаматтың мәртебесін анықтау жұмыстарын аяқтау қажеттігін айтты.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109