1007

Жұмыссыз жастар бастапқы тәжірибені қалай жинай алады?

Жастар тәжірибесі үшін төленетін еңбекақы 89 540 теңгені құрайды, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты. 


Елордалық Жұмыспен қамту орталығы жұмыс іздеп жүрген жас мамандарды «Еңбек» бағдарламасы аясында «Жастар тәжірибесі» бағыты бойынша жұмысқа орналасуға шақырады.

Бұл соңғы үш жылда оқу бітірген түлектерге арналған жұмыссыз жастар үшін арналған бағдарлама. Жұмысқа тұрушының жасы жиырма тоғыздан аспауы қажет.

Жастар практикасына қатысқандарға жұмыспен қамту орталығы ай сайын - 89 540 теңге еңбекақы төлейді, әлеуметтік аударымдарды ескерсек - 76 801 теңгені құрайды.

Жастар практикасы уақытша жұмыс. Ұзақтығы алты айдан аспайды. Егер маман өзін дәлелдесе, онда тұрақты жұмысқа орналасу мүмкіндігі бар.

«Жастар практикасына қатысу үшін жұмыссыздар жұмыспен қамту орталықтарына құжат тапсырады: жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі; еңбек кітапшасының көшірмесі (бар болса); техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің болуын растайтын құжаттың көшірмесі», - делінген Жұмыспен қамту орталығында.

Жастар практикасынан өту мерзімі еңбек кітапшасына жазылады. Мерзімі аяқталғаннан кейін, жұмыс беруші жастар практикасына қатысушыға оның өтініші бойынша ұсыныс хат береді.

Ұсынылған бос жұмыс орындары мен ұйымдардың тізімін орталықтың сайтында. Жастар практикасына қатысу үшін +7 775 654 0790, +7 705 329 7719, + 717 257 89 12, +717 257 89 34 нөміріне хабарласуға немесе proftest.cz@mail.ru электронды поштасына хат жолдауға болады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109