650

Байқоңыр ауданында нөсер кәрізі мен абаттандыру мәселелері қалай шешілуде

«Байқоңыр» ауданының әкімі Нұрбол Нұрсағатов Нұр-Сұлтан қалалық әкімдігінің инстаграм парақшасында елорданың ең ірі аудандарының бірі қалай дамып жатқанын айтты. Оның айтуынша, биыл аппараттың басты жұмыс бағыты – абаттандыру. Ауданда 236 аула алаңы бар. Қазіргі уақытта 11 қоғамдық кеңістік пен 53 ауланы абаттандыру жұмыстары жүргізілуде.

«Молодежный ықшам ауданында жеті аулада жұмысты аяқтауымыз керек. Жалпы, бізде 107 ауланы абаттандыру қажет. Келесі жылы біз осы жұмысты жалғастыру үшін жаңартуды қажет ететін аулалар тізімін қалыптастырамыз. Тиісті өтініш келіп түссе, биыл абаттандырылмаған орындарды қарастырып, келесі жылы орындайтын боламыз», – деді Нұрбол Нұрсағатов.

Ауданда шешілуі керек негізгі мәселелердің бірі – нөсер кәрізі жүйесі. Бұл бағыттағы жұмыс бұрыннан жүргізіліп келеді, деді аудан әкімі. Жоспарға сәйкес келесі жылы
бұл мәселе күн тәртібінен алынуы керек.

«Ауданда 12 жерде нөсер кәрізі мәселесі бар. Олардың екеуіне қатысты мәселе биыл шешімін тапты. Екі проблемалық пункт Өндіріс тұрғын алабында орналасқан. Бір коллектор Иманов көшесі, Бараев пен Ташенов көшесі бойымен жұмыс істейді. Қазір нөсер кәрізінің диаметрін ұлғайтып, қайта құру жұмыстары жүргізілуде. Келесі жылы бәрі ойдағыдай болса, бұл жоба аяқталады. Яғни, Молодежный-Иманов аумағында бұл мәселе шешілуі керек», – деп түсіндірді Н.Нұрсағатов.

Сонымен бірге, аудан әкімінің айтуынша, қазір су басқан жағдайда, сассинезатор машиналарымен жұмыс жүргізілуде. Тікелей эфир барысында сонымен қатар жатақханалар, жұмысқа орналасу, ауданды дамыту перспективалары туралы сұрақтар қойылды. Тұрғындар кез келген проблема бойынша кері байланыс таба алады, дейді әкім.

«Барлық байланыс ақпараты әкімдіктің ресми парақшасында орналастырылған. Тұрғындар телефон нөмірлерін WhatsApp-қа 8 701 055 59 79 нөміріне жіберулеріне болады. Мен апта сайын 10-15 адамды қабылдаймын, барлық мәселелер жеке қаралады », – деп атап өтті Н.Нұрсағатов.

Осы және басқа сұрақтарға толығырақ жауаптарды Нұр-Сұлтан қалалық әкімдігінің инстаграмдағы ресми парақшасында жарияланған сұхбаттан көруге болады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109