2588

Қашықтан оқыту мәселелері елордалық мектептердегі сынып сағатында талқыланды

Іс-шара барысында жаңа оқу жылындағы қашықтан оқыту форматы талқыланды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Бүгінгі сынып сағаттарында әр сыныптың жетекшісі оқушыларға алдағы оқу жылының қалай өтетіні туралы баяндады. Күн тәртібінде жаңа оқу жылындағы оқу форматтары, қашықтан оқыту процесі жүргізілетін интернет-платформасымен танысу, мен және менің денсаулығым, жаңа оқу жылында оқушылардың оқу жетістіктері қалай бағаланады, интернетте жұмыс істеу ережелері сияқты сұрақтар  талқыланды.

Алдағы оқу жылы қашықтан оқыту форматында  басталатыны белгілі. Тек бастауыш сыныптар үшін ата-аналардың өтініші негізінде  «кезекші сыныптар» жұмыс істейтін болады.

«Қазіргі таңда Елордалық мектептер кезекші сыныптар үшін өтініштер қабылдауда. Кезекші сыныпқа өтініш қабылдау 24 тамызға дейін жалғасады. Алдағы аптада бала саны  15 –тен аспайтын кезекші сыныптар құрылады. Ал оқу басталғаннан кейін тоқсан ішінде кезекші сыныпқа келгісі келетін оқушылар сыныпта орын болған жағдайда келе алады.

Кезекші сыныптар дәстүрлі түрде мектепте оқу үшін ҚР Денсаулық сақтау министрлігі бекіткен қаулыға сәйкес барлық санитарлық шаралар қатаң сақталады. Яғни дизинфекциялық туннель, арақашықтық сақтау үшін арнай белгілер, дизинфекциялық залалсыздандырғыш құралдар орнатылады», - деді қалалық білім басқармасы өкілдері.

Бұл ретте ата-аналар да коронавирус инфекциясын жұқтыру қаупін болдырмау үшін барлық қажетті шараларды қамтамасыз ету қажет. Маскалар, қолғаптар, қолды зарарсыздандыруға арналған жеке антисептик немесе бактерияға қарсы дымқыл сүзгіштер секілді қажет заттарды қадағалауы тиіс.

«Сабақтың ұзақтығы  40 минуттан, күніне 3-4 сабақ өтеді. Сабақтар арасындағы үзілістер әр сыныпта әр түрлі уақытта болады»,-дейді мамандар.

Сонымен қатар, сынып сағатында қашықтан оқыту форматының қалай жүзеге асатыны туралы талқыланды.

«Сабақтар интернет-платформаларда 30 минутқа дейін болады. Оқушы стриминг режимінде сабаққа алдын-ала дайындалу керек. Техникалық проблемалар туындаса немесе тікелей трансляциялау мүмкін болмаған жағдайда мұғалім сабақты асинхронды форматқа ауыстырады. Мұғалім мен оқушы арасындағы кері байланыс электрондық журналдық мүмкіндіктері арқылы және қолжетімді байланыс түрлерлі арқылы жүзеге асады. Қашықтан оқыту кезінде сабақтың жазбасы сақталып, оқушы кез-келген уақытта пайдалана алады», - деп атап өтті басқарма өкілдері.

Оқу форматына қарамастан «Балапан» арнасында қазақ тілінде және «Ел-Арна» арнасында орыс тілінде оқитын оқушыларға дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін қосымша білім беру ресурсы ретінде телевизиялық сабақтар көрсетіледі. Телевизиялық сабақтар теледидар эфирінде, әлеуметтік желілерде жарияланған кестеге сәйкес өткізіледі.

«Телевизиялық сабақтардың ұзақтығы 10-нан 15 минутке дейін. Телевизиялық сабақтар жаңа тақырыптың негізгі тұстарын түсіндіруге арналған. Телевизиялық сабақтар ҚР Білім және ғылым министрлігінің online.edu.kz ресми арналарында тегін қолжетімді болады»,- дейді мамандар.

Сондай-ақ, сынып сағатында мұғалімдер оқушыларға күн тәртібін сақтау, дұрыс тамақтану, инфекцияны жұқтырмаудың жолдары, жалпы денсаулықты сақтаудағы басты қағидалары  туралы түсіндірді.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109