2461

Алматы ауданы әкімі тұрғындардың сұрақтарына жауап берді

Алматы ауданында аулалардың 95%-ы абаттандырылған. Бұл туралы аудан әкімі Бектенбай Есполов Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің инстаграмдағы парақшасында өткен тікелей эфир кезінде айтты.

«Биыл жоспарланған 33 ауланың 30-ы жабдықталды, қалған үшеуі қыркүйекке дейін аяқталады. Сондай-ақ 62 аулада жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді, жоспар бойынша бізде 75 аула бар. Біз қоғамдық кеңістіктерге ерекше назар аударамыз, өйткені олар қалаға көрік береді. Бүгінгі таңда 16 кеңістікті орналастыру аяқталды, оның ішінде Куйгенжар, Мичурино, Юго-Восток, Промышленный тұрғын алабы бар», - деді Б. Есполов.

Оқу жылы қарсаңында мектептер мәселесі ерекше өзекті. Алматы ауданында халық тығыз орналасқан. Осы мәселені ескеріп, кеңейту үшін жаңа құрылыс пен оқу орындарын салу жоспарда бар.

«Біздің ауданда бес мектепке көп оқушы тіркелген: № 44, 13, 22, 53, 83. №44 мектепке келетін болсақ, биыл кеңейту құрылысының жобалық-сметалық құжаттары жасалады. Ол оқу орындарындағы жүктемені жеңілдетуге мүмкіндік береді. Бұл мәселені шешу үшін № 52 және 53 мектептерде де құжаттар дайындалатын болады. Қазір Мичуринода құрылыс жүріп жатыр, қарашаға дейін аяқталады. Екі мектеп 2021 жылы салынады. Бахрейннен инвестициялар да тартылды. Болашақта Есіл өзенінің саябағында демеушілер есебінен мектеп салынады», - деді аудан әкімі.

Барлық мәселелер бойынша тұрғындар әкімдікке кез келген уақытта хабарласа алады. Бұл үшін бірінші қабатта офис ашылды. Айтпақшы, биылғы жылдың өзінде ауданның алты мыңға жуық тұрғыны мамандардың қабылдауында болған.

«Біз қоғам үшін ашық болуға тырысамыз. Ол үшін әкімдіктің бірінші қабатында «Астана Адалдық Алаңы» жобасының аясында фронт-офис ашылып, екі жылдан бері жұмыс істеп келеді. Мұнда тұрғындар азаматтық хал актілерін тіркеу, АӘК мен ЭЦҚ алу үшін құжаттарды алу, тұрғын үй мәселелері және түрлі кеңестер алу сияқты қызметтерді ала алады. Өткен жылы біздің офиске 10 мыңнан астам адам хабарласқан. Биыл пандемияға байланысты алты мыңға жуық адам өтініш білдірді. Біздің күнделікті жұмысымызда iKOMEK бізге көп көмектеседі», - деп түсіндірді Есполов.

Тікелей эфир барысында халықпен ашық байланыс, әлеуметтік сала және жұмыспен қамту мәселелері де қозғалды. Толығырақ Нұр-Сұлтан қалалық әкімдігінің инстаграмдағы парақшасынан мына сілтеме арқылы көре аласыздар. 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109