864

Нұр-Сұлтанда бос жатқан жерлерге үлкен аулалар мен саябақтар салынуда

Елорда әкімі Алтай Көлгінов «Өндіріс» тұрғын алабындағы жұмыстардың барысымен танысты. Бұл туралы ол өзінің Инстаграмдағы парақшасында жазды, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.

«Елді-мекендердегі шаруашылық жұмыстарды жалғастырып жатырмыз.
Абаттандыруды қажет ететін жерлерге тұрғындарға аса қажетьі үлкен аулалар, саябақтар мен жайлы тынымбақтар салынуда. Бүгінгі кешкілік уақытта қала шетіндегі елді-мекеннің бірі Өндірісте (Лесозавод) жүргізіліп жатқан жұмыстарды қадағалап келдім.

Ақбидай көшесі, 11 мекен-жайында қазір футбол алаңы бар аула жасалды. Бұл балаларға да, аға буын үшін де ыңғайлы болады.

Тайбурыл, 9а көшесінің аумағында шағын саябақ ашылды. Мұнда 1950 жылы салынған жапсарлас үйлер болды. Аумақ бірнеше аймаққа бөлінді: спорттық тренажерлер аймағы, балаларға арналған ойын алаңы және футбол/баскетбол алаңы.

Аула аумақтары мен қоғамдық орынды абаттандыру кезінде көгалдандыруға ерекше назар аударамыз. Егілген тал-теректердің саясы ыстық күндері тұрғындардың демалуына жайлы болмақ. Тағы бір жаңалық бл жерге тұрғындардың өтініші бойынша жылы аялдама орнатылды.

Сонымен қатар, Президенттің тапсырмасына сәйкес Өндіріс елді-мекенінде №23 оқу орнының аумағында мектептің жаңа корпусының құрылысы басталды. Еңселі дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысын жүргізіп жатырмыз. №49 мектебінде күрделі жөндеу жүргіземіз. Кездесу барысында Өндіріс елді-мекенінің тұрғындары бірқатар мәселе көтерді. Оларды жоспарымызға бекіттік», – деп жазды Алтай Көлгінов.

Жалпы, биыл 150 аула мен 50 қоғамдық кеңістік (саябақтар, скверлер, бульварлар) абаттандырылады.

Фото: Александр Куприенко

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109