2669

Ерекше шағын сәулет формалары елорда келбетін айшықтай түседі

Әр қаланың мыңдаған бөлшектен құралған өз жаны бар. Арт-нысандар арқасында көшелердің келбеті өзгеріп, қаланың кез-келген бұрышына мән беріліп отыр. Жарықтандыру, аялдамалар, спорт алаңдары, арт-нысандар, инсталляциялар мен жарық композициялары – заманауи мегаполистің өмірі қалалық ортаның осы элементтерімен тығыз байланысты.

Бүгінгі таңда елорданың көшелері мен жаппай демалыс орындары көше композициялары, инсталляциялармен безендірілген. Олардың тақырыптары отбасы қатынастарын, ұлттық мәдениетті дамытуға және жастарға мәдени тәрбие беруді насихаттауға бағытталған.

«Нұр-Сұлтан», «Ару» инсталляциялары, гүл пирамидалары мен текшелері, сәндік орындықтар, Абай мен Әл-Фараби бейнеленген жазық мүсіндер, шрифт композициясы мен гүл өрісі, жарықтандырылған ағаштар, орындықтар және басқа да арт-нысандар – осының бәрі астананың ажырамас бөлігіне айналды.

«Арқар» қоғамдық кеңістігі автомобиль жолының бойындағы өткелді тұрғындар үшін тартымды орынға айналдырды: арт-инсталляциялар, гүлзарлар, жаяу жүргіншілер жолдары, велосипед жолдары және баскетбол алаңдары пайда болды. Құрылған «Әткеншек орындық» нысандары қажетті атмосфераны қалыптастырады және қала тұрғындарының серуендеуіне қолайлы жағдай жасайды.

Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі ішкі аула аумақтарын абаттандыруға, көріктендіруге, көгалдандыруға ерекше көңіл бөлуде. Жалпы, биыл 150 аула мен 50 қоғамдық кеңістік (саябақтар, скверлер, бульварлар) абаттандырылады.

Тұрғын аудандарды қайта құру жұмыстары жалғасуда. Бос жатқан жерлердің орнына үлкен аулалар, саябақтар мен жайлы бульварлар салынуда.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109