1858

Елорда әкімі әлеуметтік тұрғын үй құрылысының барысымен танысты

Әлеуметтік баспананың кезекті партиясын қыркүйек айында тапсыру жоспарланған. Бұл туралы Алтай Көлгінов өзінің «Инстаграм» парақшасында жазды, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.

«Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі арқылы сатылатын бірқатар қолжетімді тұрғын үй құрылысының басында болдым. Әлеуметтік баспананың кезекті партиясын қыркүйек айында тапсыруды жоспарлап отырмыз. (Омаров көшесі, 23/1, Айтматов көшесі, 27, Мұхамедханов көшесі, 28, 28а, 28б).

Сонымен бірге аулаларды абаттандыру бойынша жұмыстар жалғасуда. Мысалы, Омарова, 23/1 келесі жылы ауладан басқа қоғамдық кеңістікті абаттандыруға кірісеміз. Жаңа тұрғын үйлердің бірінші қабаттарында әлеуметтік нысандар ашылады: ерекше қажеттілігі бар балаларға арналған оңалту орталықтары, медициналық мекемелер, балаларға арналған үйірмелер және т.б. Аудан тұрғындары үшін медициналық жедел жәрдем станциясы жұмыс істеп тұр.

Сонымен қатар, кезекте тұрғандарға (халықтың әлеуметтік әлсіз топтарына) тұрғын үй салу бойынша жұмыстар жүргізіп жатырмыз. "Қазақстандық ипотекалық компаниямен" бірлесіп биыл дәрігерлерге, мұғалімдерге, әлеуметтік қызметкерлерге, полицейлерге, мәдениет және спорт қайраткерлеріне арналған тағы 1 мың әлеуметтік пәтер береміз. Келесі жылдарға да дайындаламыз», – деп жазды Алтай Көлгінов.

Фото: Александр Куприенко

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109