3283

Коронавирус қаладағы аулаларды абаттандыруға сұранысты арттырды – Нұр-Сұлтан әкімдігі

Карантин шаралары енгізілгеннен кейін Нұр-Сұлтанда жайлы қоғамдық орындарға сұраныс артты. Тұрғындар таза ауада серуендеуге көбірек мән бере бастады. Көктемнен бастап елорда әкімдігі аулаларды, саябақтарды, скверлер мен бульварларды абаттандыру бойынша ауқымды жұмыстар жүргізіп келеді. Жұмыстар қаланың ескі бөлігіне баса назар аудара отырып, елорданың барлық аудандарында жүзеге асуда. Байқоңыр ауданында абаттандырылған аулалар саны – 50, Сарыарқада – 40, Алматыда – 33, Есіл ауданында 20-дан астам.

«Бұл жер қараусыз, бос жатқан. Біз одан айналып өтетінбіз. Қазір біздің жеке шағын саябағымыз бар. Балаларға ұнайды. Ағаштар отырғызылды. Біз ризамыз, өйткені балалар өте қуанышты. Енді мұнда жайлы уақыт өткізуге болады. Пандемияны ескерсек, денсаулығымызға көбірек уақыт бөлу маңызды. Демек, ашық ауада спортпен шұғылдану керек. Мұнда фитнес аймағы да бар, балалар футбол ойнай алады», – дейді Өндіріс (Лесозавод) тұрғын алабының тұрғыны Тілеулес Жаңабайқызы өз әсерімен бөлісіп.

«Аула ересектер үшін де, балалар үшін де, демалыс, спорт, серуендеу үшін де өте қолайлы. Бұрын бұл жер қараусыз қалған болатын. Бүгінде ол заман талабына сай тамаша демалыс орны және осы көше тұрғындары көңіл көтеретін орынға айналды», – дейді Нұр-Сұлтан тұрғыны Қазбек Биқадамов (Алматы ауданы).

Естеріңізге сала кетейік, биыл елордада 150 аула мен 50 қоғамдық орын (саябақтар, скверлер, бульварлар) абаттандырылады. Мәселен, осы жазда тұңғыш рет көпір астындағы демалыс аймағы (Сарайшық көшесі, Арқар көпірі) абаттандырылды. Жаңа кеңістік Триатлон мен Президент саябақтарын біріктіреді.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109