879

Елордада жүгіру мен веложарыс сайысы басталды

Қатысушылар кез келген ыңғайлы уақытта қатысып, саябақты өздері таңдай алады, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.

Бүгін таңғы сағат 7:00-де Орталық саябақта ҚР Конституция күніне арналған жарыс басталды. Ашылу салтанатына Нұр-Сұлтан қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Самат Ерғалиев, елордалық велоспорт федерациясының президенті Дархан Мұсанов, бокстан жасөспірімдер арасындағы Олимпиада ойындарының чемпионы Айбек Оралбай, жастар арасындағы бокстан әлем чемпионы Нұрбек Оралбай, Street Workout мектебінің негізін қалаушы Айтым Жақыпов қатысты.

Спортшылар әуесқойларға арналған қашықтықты жүгіріп өтіп, жарысқа қатысушыларға қолдау көрсетті.

Басқарма басшысы ҚР Конституциясының 25 жылдығына орай өтетін жүгіру сайысы мен веложарыс елорда тұрғындарының спортқа деген қызығушылығын арттыру мақсатында өткізілетінін атап өтті. Бұл ретте барлық санитарлық талаптар сақталады.

"Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында бұқаралық спортты дамыту бүгінгі таңда қойылған негізгі міндеттердің бірі болып табылатынын атап өтті.
Елорда әкімі бұл бағытқа да үлкен мән береді. Нұр-Сұлтанда белсенді өмір салты үшін барлық жағдай жасалған.
Атап айтқанда, елорданың бес саябағында жүгіру жолдары, веложолдар, футбол, волейбол, теннис ойындарына арналған арнайы алаңдар бар. Бұл өз кезегінде бүгінгі турнирге қатысқысы келетіндердің барлығына өте ыңғайлы", - деді Самат Ерғалиев.

Естеріңізге салай кетейік, елордада 28-30 тамыз аралығында таңғы 06:00-ден 21:00-ге дейін жүгіру мен веложарыстан онлайн сайыс өтеді. Бұл жарыстардың ерекшелігі - барлық қатысушылар Strava арнайы қосымшасын қолдануы керек. Бұдан басқа, жарысқа қатысушылар өздеріне қолайлы кез келген уақытта қатыса алады. Ұйымдастырушылар жарыс өтетін саябақты таңдау құқын қатысушыларға береді.

Қатысушылар үшін байланыс нөмірлері төменде келтірілген:
1. Әуесқой жүгіру-WhatsApp
18 жас және одан жоғары, Еділ тел.: 8 775 947 22 79.

2. Ардагерлер жүгірісі-WhatsApp
40 және одан жоғары, Думан тел.: 8747 619 15 55.

3. Әуесқой велошеру-WhatsApp
18 жас және одан жоғары, Нұрлы тел.: 8771 166 03 06.

4. Ардагерлер велошеруі-WhatsApp
40 және одан жоғары, Ерлан тел.: 8701 909 66 77.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109