7863

Елордалық студент қазақстандық ғалымдардың көмегімен аралардан таза бал алады

С.Сейфуллин атындағы Қазақ аграрлық университетінің ғалымдары әзірлеген биоқоспалар, аралар иммунитетін күшейтіп, балдың сапасын арттырған, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.

Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің магистранты Сұлтан Сауров балды университетте жасалған стандарттар мен технологиялар бойынша өндіреді.

«Мен ара өсіруді бала кезімнен бастадым. Университетке түскен кезде менде профессорлар әзірлеген әдістерді өндіріске енгізу туралы ой келді. Жоба «Бал омартадан үстелге дейін» деп аталды. Бұл балдың тұтынушылары біздің мұғалімдеріміз, яғни біз оларды өніммен қамтамасыз етеміз. Базарларда балымызды сататын сауда нүктелері де бар», - деді студент.

Оның омарталары Шығыс Қазақстан облысында орналасқан. Өнімге университеттегі тамақ зертханасында тозаң анализі жүргізіліп, балдың сапасы, ылғалдылығы мен қышқылдығы зерттеліп, сертификатталғаннан кейін ғана сатылады.

«Бұл зертханада бізге қалай орап қаптау керегін, ыдыстарға дұрыс бөлуге кеңес беріледі.Бұл жобаға біздің профессорлар мен декандар қатысады. Олар біз көктемде қолданатын қоспаны ойлап тапты. Яғни, мен барлық ғылыми әзірлемелерді үйде қолданамын», - дейді жас кәсіпкер.

Қосымша қоспалармен Сұлтан Сауров жәндіктер қысқы ұйқыдан шыққан кезде көктемде иммунитетін күшейту үшін араларды тамақтандырады.

«Біз қоспаны биыл қолдандық. Мұның әсері бар. Яғни, араларға варроатоз кенесі әсер етуі мүмкін, соның салдарынан олар аз бал өндіреді. Біздің аралар биыл зиянкестерден аз зардап шекті», - деді Сұлтан Сауров нәтижемен бөлісті.

Жоба университетте екі жылдан бері жүзеге асырылып келеді. Осы маусымда 500 тонна өнім шығарылған. Кәсіпкер өз ісін одан әрі дамытып, өндіріс технологияларын жетілдіруді жоспарлап отыр.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109