1882

Елорда әкімі Алтай Көлгінов әлеуметтік пәтерлер кілтін табыстады

Конституция күні қарсаңында Нұр-Сұлтанда «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында салынған әлеуметтік пәтерлер кілті табысталды. Жаңа тұрғын үй кешенінде 250 пәтер бар. Олар тұрғын үй құрылыс жинақ банкі салымшылары мен кезекте тұрғандар (халықтың әлеуметтік осал топтары) арасында бөлінеді .

«Бүгін барлығымыз үшін маңызды күн. Ата Заңымыздың 25 жылдығы - Конституция күні қарсаңында өз пәтерлеріңіздің кілтін алып жатырсыздар. Құрылыс саласында қол жетімді тұрғын үй салу өте маңызды. Елбасы қабылдаған «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасына сәйкес жыл сайын мыңдаған отбасы көптен күткен баспаналарын алады.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша биыл қолжетімді тұрғын үй құрылысының көлемі үш есе өсті, бұл 8 мыңнан астам пәтер: сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй және тұрғын үй кезегінде тұрған Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің салымшылары. Пәтерлерді кезекке сәйкес үлестіреміз. Әлеуметтік тұрғын үй әлеуметтік осал санатқа арналған, бұл ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған аналар, жетім балалар, толық емес отбасылар, зейнеткерлер, ҰОС ардагерлері, көп балалы отбасылар және т.б. Келесі аптаның соңында тағы мың әлеуметтік пәтерді табыстаймыз.

Сонымен қатар біз "Қазақстандық ипотекалық компаниямен" бірге қол жетімді баспана алушылар санатын кеңейттік. Осы бағдарлама бойынша әлеуметтік қызметкерлер, медицина қызметкерлері, мұғалімдер, полицейлер, мәдениет және спорт қызметкерлері пәтер алуға өтініш бере алады. Аптап ыстыққа, жаңбыр мен аязға қарамай жұмыс жасайтын құрылысшыларымызға ерекше алғыс айтамыз. Әрқайсыңызға амандық, денсаулық және табыс тілеймін. Қоныс тойларыңыз құтты болсын!» - деді елорда әкімі Алтай Көлгінов.

«Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова биыл соңғы 8 айда 5 мың банк салымшысы өз үйлерін алғанын атап өтті.

«Қоныс той иелерін құттықтаймын. Белсенді ынтымақтастық үшін әкімдікке ризашылығымды білдіре отырып, баршаңызға денсаулық пен жаңа үйлеріңізге бақыт тілеймін» - деді Л.Ибрагимова.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109