1876

#НұрСұлтанпаркchallenge2020: Елордада 5 және 6 қыркүйекте жүгіруден онлайн-жарыс өтеді

Стартты өзіңізге ыңғайлы кез келген уақытта бастауға болады, қатысушы деректері онлайн режимде жазылады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары мен қонақтары, сондай-ақ басқа қалалардың спортшылары мен әуесқойлары #НұрСұлтанпаркchallenge2020 км жүгіруге қатыса алады. Негізгі жарыстар 5 және 6 қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласының Орталық саябағында, шаңғы-роллерлік трассада өтеді. Сонымен қатар, ұйымдастырушылар жарыстың белгілі бір орынмен шектелмейтінін атап өтті.

«Басқа қалада болсаңыз да тіркеліп, арақашықтықты сақтап, бізбен бірге жүгіріңіз! Барлық тіркелген жүгірушілер орналасқан жеріне қарамастан қатысады»,-делінген хабарламада.

5 км-де #НұрСұлтанпаркChallengе2020 қатысушысы болу үшін s10.run/tilda/ сілтемесі арқылы «ҚАЗІР ТІРКЕЛУ» батырмасын басып, тіркелуге болады.

«Жарыс ережелерін мұқият оқып шығыңыз және S10.run қосымшасына Strava-ға қосылуға рұқсат бар-жоғын тексеріңіз. Егер сіз жарысқа тіркелген болсаңыз, жүйе мұны тағы қайталаған кезде «Сіз жарысқа сәтті тіркелдіңіз, біз сізді стартта күтеміз!» жазбасын көрсетеді»,-деп түсіндірді ұйымдастырушылар.

Стартты өзіңізге ыңғайлы кез келген уақытта бастауға болады, сіздің деректеріңіз онлайн режимде жазылады.

Жүгіру тегін. Жеңімпаздарға сыйлықтар мен дипломдар беріледі. Толық ақпаратты s10.run сайтынан, сондай-ақ https://www.instagram.com/astanapark инстаграм парақшасынан табуға болады..

Жүгірудің бас серіктесі-GASENERGY премиум-класты жанармай құю станциялары желісі. Серіктестер: Қазақстанның жеңіл атлетика федерациясы QazAthletics, «ҚТЖ ҰК» АҚ, Vesti.kz -спортпен өмір сүр! (vesti.kz)» интернет-ресурс желілік басылымы.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109