3496

Президент Жолдауы: мыңнан астам жас "Жасыл ел" жобасы бойынша елорданы көгалдандыруға атсалысты

Қоршаған ортаны қорғау және экологиялық даму - Қазақстандағы маңызды мәселелердің бірі. Бұл туралы ҚР Президенті Қ. Тоқаев 1 қыркүйектегі Жолдауында мәлімдеді, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.

Бес жыл ішінде орман қорына 2 миллиардтан астам және елді мекендерде 15 миллион ағаш отырғызылады. Мемлекет басшысының айтуынша, бұл шара еліміздің көгалдануына зор үлес қосады. Сондай-ақ, ҚР Президенті қазіргі уақытта елорданың айналасындағы жасыл белдеуді ұлғайту мәселесі де маңызды екенін атап өтті.

Аталған жұмыстарды атқаруға Нұр-Сұлтан қаласы бойынша арнайы компаниялардан бөлек, "Жасыл ел" студенттік құрылыс жасақтары да атсалысты.

Биылғы еңбек маусымында Нұр-Сұлтанда жұмыссыздар, студенттер және көп балалы отбасылар қатарынан 1200 жас жұмысқа орналастырылды. Олардың 731-і көп балалы отбасылардан шыққан немесе 14-17 жас аралығындағы халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын жастар.

Балалар жұмыс жасайтын арнайы киіммен қамтылған. Көлемі 11 502, 2 га болатын Жасыл белдеуде жұмыс істеді. Сонымен қатар, олар қаладағы жасыл алаңдарға қамқорлық жасап, 275 350 тал мен қайың, ұсақ жапырақты шырша, қарағай, көктерек, шие, терек көшеттерін қопсытып, суарды.

"Жасыл ел" жобасына қатысқан ересек топтағы жастар қаланың құрылыс нысандарында жұмыс істесе, жасы кішілер саябақтарда, скверлерде, қаланың оқу орындарының маңындағы аумақтарды көгалдандыру және жинаумен айналысты.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109