1575

Нұр-Сұлтанда инженерлік желілер цифрландырылады

Инженерлік желілерді цифрландыру жөндеу жұмыстарын уақтылы жүргізуге, қажет болған жағдайда қуатты ұлғайтуға мүмкіндік береді. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов өзінің Instagram парақшасында жазды.

«Елорда көшелері мен даңғылдарының астында мыңдаған шақырым инженерлік желілер жатыр. Олар: су, электр, кәріз, байланыс желілері. Қалалықтардың тұрмыс сапасы осы желілердің үздіксіз жұмыс істеуіне тікелей байланысты. Қазір желілерді цифрландырумен айналысып жатырмыз. Бұл жұмыстардың өзектілігі сол, қағаз жүзінде инженерлік желілердің орналасқан жері мен жай-күйі туралы мәліметтер әрдайым сәйкес келе бермейді. Осыған байланысты тұрғындар уақытша сусыз, электрсіз отыруға мәжбүр болған кезде апатты жағдайлар болып жатады.

Цифрландыру барлық инженерлік желілерді ашық көруге мүмкіндік береді. Оларға түсетін салмақ пен ахуалы анық көрінеді. Бұл жөндеу жұмыстарын уақтылы жүргізуге, қажет болған жағдайда қуатты ұлғайтуға, тәуекелдерді азайтуға және жаңа объектілерді инженерлік желілерге қосу процесін жеңілдетуге мүмкіндік береді. Ғимараттарды салу кезінде ұзақ әрі маңызды процестердің бірі – инженерлік желілерге қосу.

Сонымен қатар, ғимараттарды, жер учаскелерін цифрландырамыз (жер учаскелері мәселелері бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсету онлайн режимінде өтеді), бұл жер учаскелерінің игерілуін онлайн бақылауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ қаланың 3D моделін құру бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Қазіргі уақытта қаланың 50% цифрландырылды. Геоақпараттық портал жылдам қарқынмен кеңейіп келе жатқан қала үшін маңызды. Әрі құрылыс процестерін болжауға және модельдеуге мүмкіндік береді. Аудандарды мектептермен, балабақшалармен, ауруханалармен және басқа да маңызды объектілермен қамтамасыз ету қажеттілігі біркелкі бөлінетін болады.

Портал сондай-ақ бірнеше карта жасауға мүмкіндік береді. Мысалы, ТЖД қажеттіліктері үшін қауіп қатерлерді болжау карталары, кәсіпкерлер үшін – инвесткарта, ПИК (ОСИ) үшін-шатырды, коммуникация желілерін жөндеу бойынша жұмыстарды жоспарлау және т.б. Бұл арқылы жердің астында не болып жатқанын көруге болады.

Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында "Цифрландыру-барлық реформалардың негізгі элементі", деп атап өтті. Цифрландыру процесі бақылауымызда тұр», – деп жазды Алтай Көлгінов.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109