3391

Елордалық жастарға желідегі уақытты дұрыс пайдалану туралы медиа-сауаттылық бойынша онлайн-дәріс оқытылады

Онлайн-дәрісте тыңдаушыларға интернетке тәуелді болмаудың, digital-интеллектті арттыру жолдарын үйретеді, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.

Бүгін, 7 қыркүйектен бастап, балалар мен жастар үшін медиа-сауаттылық бойынша тегін онлайн-курс басталады. Оқыту барысында қатысушылар интернет-ресурстарды тиімді пайдалануды үйренеді. Сабақтар Zoom платформасы арқылы екі тілде өтеді.

"Біз жұмыс барысында балалардың интернетке тәуелді екенін байқадық. Осыған байланысты бірнеше әлеуметтік тәжірибелер жасадық, балаларға қолжетімді боп кеткен ғаламторды бір сағатқа, 30 минутқа дейін өшіре тұрдық. Бұл шектеу олар үшін оңайға соқпады. Ересектер үшін де бұл сынақ қиын екенін мойындаймыз. Біз таңертең көзімізді ашып, алдымен телефон ұстаймыз, телефонмен ұйықтаймыз. Бұл - интернетке тәуелді екеніміздің белгісі. Біздің мақсатымыз ғаламтордан біржола бас тарту емес, өйткені ол өмірімізге кірігіп кетті. Бірақ біз балаларға желідегі уақытты дұрыс пайдалануды үйреткіміз келеді. Олар тек онлайн отыра бермей, өздері үшін пайдалы оқу курстарын алып, жаңа бір нәрсені үйренгенін қалаймыз. Осы мақсатта аталмыш курсты іске қостық",-дейді Республикалық бірыңғай "Жас Ұлан " балалар мен жасөспірімдер ұйымының төрайымы Динара Сәдуақасова.

Курс 14 жастан 29 жасқа дейінгі балалар мен жастарға арналған.

Оқу бағдарламасына "Медиа және интернет-сауаттылық", "Цифрлық беделді сақтау" және "Интернетке тәуелділіктің алдын алу" сияқты пәндер кіреді.

Қатысушыларға интернет, телефон, онлайн, әлеуметтік желілер, fake-news, сандық бедел, YouTube – Google, киберқауіпсіздік туралы дәрістер оқылады.

Дәріскерлер ретінде Қазақстанның беделді халықаралық жоғары оқу орындарының ІТ-технология саласындағы тәжірибелі мамандары шақырылды.

Сонымен қатар, @restart_social инстаграм парақшасында және ReStart телеграм-каналында ойындар мен шағын конкурстар өтеді, нәтижесінде жеңімпаздар арнайы жүлделерге ие болады. Дәрісті аяқтаған соң, қатысушылар электронды сертификаттар алады.

Жоба ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің, "Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы" КЕАҚ және “Бірыңғай "Жас Ұлан " балалар мен жасөспірімдер ұйымы” РҚБ қатысуымен өткізіледі.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109