3192

Еңбек мигранттары елордалық 6 ХҚКО-дан рұқсат ала алады

Бұл мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру мақсатында жасалуда, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.

Нұр-Сұлтан қаласындағы халыққа қызмет көрсету орталықтарында «Еңбек иммигранттарына рұқсат беру және қайта рәсімдеу» мемлекеттік қызметін ұсыну бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Ол «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» аясында, сондай-ақ көші-қон қызметінің мемлекеттік қызметтерін оңтайландыру мақсатында жүзеге асырылуда.

«Егер бұрын рұқсаттарды рәсімдеу кезінде жұмыс берушілер мен шетелдіктер Нұр-Сұлтан қаласы, Иманов көшесі 31 мекенжайы бойынша орналасқан Көші-қон қызметтері орталығына өтініш білдірсе, енді бұл мемлекеттік қызметті қаладағы 6 ХҚКО-дан алуға болады», – делінген хабарламада.

Осылайша, азаматтарға ыңғайлы болу үшін, көші-қон қызмет басқармасы Азаматтарға арналған «Үкіметтік мемлекеттік Корпорациясы» КЕАҚ келісімі бойынша, 16 маусымынан бастап С409 көшесінде (Сарыарқа ауданы) орналасқан Нұр-Сұлтан қаласының ХҚКО филиалында еңбек иммигранттарына рұқсат беруді жүзеге асырады.

Сонымен қатар, 26 тамыздан бастап Мәңгілік ел, 30 үй (Есіл ауданы), Тәуелсіздік даңғылы, 32 үй (Алматы ауданы) және Абай даңғылы, 80 үй (Байқоңыр ауданы) мекенжайларында орналасқан қаланың 3 - ХҚКО-да осыған ұқсас жұмыс ұйымдастырылған.

Бұдан басқа, ХҚКО-да шетел азаматтарының көп жиналуын болдырмас үшін 1 қыркүйектен бастап, қосымша осы мемлекеттік қызметті Сауран көшесі, 7 үй (Есіл ауданы), Республика даңғылы, 43 үй (Сарыарқа ауданы) бойынша орналасқан 2 ХҚКО-да алуға болады.

«Еңбекші көшіп келушілерге рұқсаттар беру және ұзарту» мемлекеттік қызметі мамандарға кедергісіз қол жеткізу арқылы электрондық кезек режимінде ұсынылады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109