3532

Зарина Дияс, Әлжан Жармұхамедов, Джеймс Леброн: Нұр-Сұлтанда көпір астындағы арт-кеңістік граффитимен толықты

Нұр-Сұлтанда тағы бір көпір астындағы арт-кеңістік абаттандырылуда. Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті жанындағы көпірдің астында орналасқан арт-кеңістікте стритбол, коньки, үстел теннисі және workout алаңдары болады.

Жобаның идеясы - спортқа жағымды ахуал қалыптастыру. Мұнда бұқаралық спортты дамытуға басымдық берілген. Жастардың тірек нүктесі мен лайықты үлгісі болуы маңызды. Серуендеп немесе спортпен айналысуға келушілер бұл жерден отандық және шетелдік танымал спортшылардың граффитиін тамашалай алады. Онда кәсіби қазақстандық теннисші Зарина Дияс, америкалық баскетболшы Джеймс Леброн бейнеленген. Сондай-ақ жақында кеңестік баскетболшы Әлжан Жармухамедовтiң бейнесі пайда болады.

Еске сала кетейік, осы жазда "Арқар" көпірінің астында тұрғындар мен қала қонақтарына арналған демалыс аймағы абаттандырылды: аумақ тамақтану аймағына және спорттық секцияларға бөлінген. Қабырғаларда қазақстандық боксшы Геннадий Головкин, баскетболшы Коби Брайант және басқа да түрлі-түсті граффити бейнеленген. "Арқар" көпірінің астындағы кеңістік Триатлон мен Президент саябақтарын біріктірді.

Мемлекет басшысы өзінің халыққа Жолдауында бұқаралық спорт, дене шынықтыру және балаларға басымдық беру керектігін айтты. Аулалар мен қоғамдық орындар «Нұр-Сұлтан - жайлы қала» бас жоспары тұжырымдамасы аясында  абаттандырылуда. Басымдықтардың бірі - серуендеуге және спортпен айналысуға арналған орындарды құру. Әр ауданның және тұрғын алаптарының өзіне тән көрікті орындары болғаны маңызды.

Жалпы биыл елордада 50 қоғамдық орын (саябақтар, скверлер, бульварлар) және 150 аула абаттандырылады. Сонымен қатар тұрғын аудандарында үш ірі дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы басталды. Келесі жылы тағы бір спорт кешенінің құрылысы басталады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109