4758

Полиция Тұран даңғылында қозғалыс жабылғаннан кейін «Сергек» камераларының қалай жұмыс істейтінін түсіндірді

Қабанбай батыр даңғылындағы Керей-Жәнібек Хандар көшесінен Қарқаралы айналма жолына дейін қоғамдық көлік жолақтарында қозғалысты қадағалауға арналған «Сергек» жүйесі өшіріледі. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық әкімшілік полиция басқармасы мәлімдеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

«Сонымен бірге, Тұран даңғылындағы көлік қозғалысы жабылғаннан кейінгі жағдайды зерттей келе, Қабанбай батыр даңғылының Достық көшесінен екі бағытта Қарқаралы айналма бағытындағы автобус жолақтарындағы қозғалысты бекітуді тоқтатуға шешім қабылданды.

Осыған байланысты Нұр-Сұлтан қалалық әкімшілік полиция басқармасы Тұран даңғылы мен Ұлы Дала көшесі қиылысында жөндеу жұмыстары кезеңінде жоғарыда аталған учаскеде қоғамдық көліктің белгіленген жолақтарында автомобиль қозғалысының мүмкіндігі туралы хабарлайды», - делінген хабарламада.

Сонымен қатар қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, Тұран даңғылында Сығанақ көшесінен бастап Керей Жәнібек хандары, сондай-ақ Хусейн бен Талал көшесінен Ұлы Дала даңғылына дейін максималды жылдамдық 80 км/сағ-тан 60 км/сағ-қа дейін азайтылды, мұнда жылдамдықты бұзуды Сергек жүйесі тіркейтін болады.

Бұл өзгертулер жұмыс аяқталғанға дейін және Тұран даңғылында қозғалыс ашылғанға дейін уақытша күшінде болатынын еске саламыз.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109