6206

Нұр-Сұлтанда БҚО мен Жамбыл облыстары өнімдерінің жәрмеңкесі өтуде

Келушілерге қатаң санитарлық-гигиеналық нормаларды сақтау қажет, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.

«Хан-Шатыр» СОО жанындағы алаңда фермерлік өнімдерді екі күн бойы делдалсыз сату ұйымдастырылды. 12 және 13 қыркүйекте Батыс Қазақстан және Жамбыл облыстарының фермерлері өз тауарларын ұсынады. Олар ет, көкөністер мен жемістер, кептірілген жемістер, кондитерлік өнімдер мен макарон өнімдерін әкелді.

«Дәстүрлі ауыл шаруашылық жәрмеңкесі өтіп жатыр. Өткен аптада Түркістан мен Алматы облыстары бастаған жәрмеңкені бүгін Жамбыл мен Батыс Қазақстан облыстары өз өнімін әкеліп жалғастыруда. Екі өңірден 400 тоннадан астам өнім әкелінді. Бағалар шамамен нарықтан 15-20% -ке төмен.

Жәрмеңкеге келушілер санитария-гигиена талаптарын қатаң сақтауы қажет: маска тағып, арақашықтық сақтап, антисептиктерді қолдану қажет.
Жәрмеңке аумағында санитария нормаларын сақтау туралы  белгілер орнатылып, адам санын шектеу үшін кіру және шығу бөлек жасалған.
Айта кету керек, ауыл шаруашылық жәрмеңкелері әр аптаның соңында өтеді»,- деп жазды Нұр-Сұлтан қаласы әкімі Алтай Көлгінов өз инстаграм парақшасында.

Жәрмеңкеде 12 және 13 қыркүйекте 320 млн теңгеден астам сомаға өнім сату жоспарлануда.

Фото: Александр Куприенко

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109