5916

Қауіпсіз аула мен "ақылды шлагбаумдар": Елорда әкімі аулаларды абаттандыру туралы айтты

Нұр-Сұлтан әкімі Алтай Көлгінов елордадағы бірқатар аулалар мен қоғамдық орындарды абаттандыру жұмыстарымен танысты. Бұл туралы ол Instagram-дағы парақшасында жазды, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.

"Ауқымды жаңғырту жұмыстарымен айналысып жатырмыз: апатты ескі үйлерді сүріп, қолжетімді тұрғын үй, білім беру, медицина нысандарын, жолдар мен инженерлік желілерді (су құбыры, электр, кәріз) саламыз. Қала аудандарын абаттандырып, көгалдандырамыз.

Бүгін кешкілік аралау барысында Сарыарқа ауданындағы бірқатар аулалар мен қоғамдық кеңістіктердің құрылыс барысымен таныстым. Желтоқсан, Есенберлин, Жангелдин, Сейфуллин көшелері мен Бейбітшілік даңғылы бәріне таныс, олар қаланың оң жағалауында орналасқан. Ерекше атмосферасы бар. Аудан жайлы болуы үшін бос жерлер, қараусыз қалған учаскелер, бұзылған авариялық үйлердің аумақтары абаттандырылып, тартылыс орындарына айналды.

Халық санының өсуін ескере отырып, ірі габаритті аулалар, скверлер мен бульварлар құрылысына көштік. Халық тығыз орналасқан шағын аудандарды аулалармен, бульварлармен және алаңдармен қоршаймыз, яғни аулалары жақын орналасқан бірнеше тұрғын үй кешендерін абаттандырамыз.

Мысалы, Желтоқсан көшесі, 2 үйінің тұрғындары есеп беру кездесуінде ауланы абаттандыру мәселесін көтерді. Біз оны "қатысу бюджеті" бағдарламасы бойынша абаттандырдық - тұрғындар аудан әкімдіктеріне өтінім беріп, аула көрінісін ұсынады: қандай аймақтар салу қажет, қандай спорт алаңы қажет және т.б. бірқатар басқа мәселелер шешілді.

Есенберлин көшесінде жаттығу және ойын алаңдарынан басқа, баскетбол мен футбол ойнауға арналған үлкен алаңдар ашылды. Балалар өздерін кәсіби футболшылар мен баскетболшылар сияқты сезінеді.

Биыл абаттандырылған аула саны - 150, барлығы дерлік пайдалануға берілді. Олардың көпшілігі қаланың ескі бөлігінде орналасқан. Тұрғындармен аралау кезінде басқа да бірқатар маңызды мәселелерді талқылаймыз, мысалы, "Қауіпсіз аула" бағдарламасы бойынша аулаішілік аумақтарда камералар орнатамыз, бұл тәжірибе көрсетіп отырғандай, қауіпсіздік деңгейін арттырады. Сонымен қатар, жедел қызмет машиналары тұрғын үй аумағына кедергісіз кіру үшін "ақылды шлагбаумдар" атты жаңа жоба іске қосылды" деп жазды Алтай Көлгінов.

Фото: Александр Куприенко

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109