2710

Жыл соңына дейін елорда тұрғын үйлерінің 30%-да "smart" шлагбаум орнатылады

Шұғыл қызмет көліктері жаңа технологиялардың арқасында тұрғын үй кешендерінің аулаларына кедергісіз кіре алады. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов өзінің "инстаграм" парақшасында жазды, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.

"Елорданың тұрғын үй кешендерінде “smart” шлагбаумдарды енгізу жобасы мен автокөліктердің мемлекеттік нөмірлерін анықтау жүйесі қолға алынды. Бұл технология шұғыл қызмет көліктерінің үйлердің аулаларына кедергісіз кіруіне мүмкіндік береді.

Арнайы мәліметтер базасына енгізілген көліктер «smart» технологияның көмегімен шлагбаумнан өтіп, аулаға кіре алады. Сонымен қатар тізімді қажет болған жағдайда толықтыруға болады. Одан бөлек, барлық кіріп-шыққан автокөліктер тізімі журналға тіркеледі.

Жыл соңына дейін біз тұрғын үйлердің 30% -на дейін «smart» шлагбаумдармен жабдықтауды жоспарлап отырмыз.

Сонымен қатар «Қауіпсіз аула» бағдарламасы бойынша ауланың аумағында камералар орнату жоспарымызда бар. Бұл өз кезегінде қауіпсіздік деңгейін арттыруға септігін тигізеді: ұрлық жасау, бөтеннің мүлкіне зиян келтіру және басқа құқық бұзушылықтар саны азаяды", – деп жазды Алтай Көлгінов.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109