2631

Елордалық ұйымдарға сумен жабдықтау желілерін зақымдағаны үшін 5,5 млн теңге айыппұл салынды

Нұр-Сұлтанда құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде су құбыры желілеріне зақым келтірген мердігер ұйымдарға 5,5 млн теңгеге жуық айыппұл салынды. Бұл туралы елорда әкімінің орынбасары Нұрлан Нұркенов мәлімдеді.

Мысалы, 8 қыркүйекте "Электросеть" ЖШС (Тапсырыс беруші – "Asem tas Development" ЖШС) Тұран даңғылы қиылысындағы Керей Жәнібек хандар көшелерінің бойында сыртқы инженерлік су құбыры желілерін төсеу бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу кезінде су құбыры желісіне зақым келтірген. Нәтижесінде 8 көппәтерлі тұрғын үй кешенінің тұрғындары сусыз қалды. Ұйымға 4,5 млн теңге айыппұл салынды.

Бұдан бұрын, 24 тамызда Пушкин көшесінің бойындағы сумен жабдықтау инженерлік желілерінің құрылысы бойынша жұмыстарды орындау кезінде экскаватормен "ҚазГерСтрой" ЖШС мердігерлік ұйымы шойын су құбырын зақымдаған. Нәтижесінде 3 тұрғын үй кешенін және Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-дың бір корпусын сумен қамтамасыз ету тоқтатылды.Айыппұл сомасы 900 мың теңгеден асты.

Әкімнің орынбасары Нұрлан Нұркенов мердігер ұйымдардың өкілдерімен кездесіп, алдағы уақытта осындай фактілер қайталанбас үшін бірқатар тапсырмалар берді. Желілердегі апаттардың санын азайту үшін, қала әкімдігі инженерлік желілерді цифрлауға көшті. Бұл инженерлік желілер жүктемесін және олардың бүгінгі жағдайын көруге мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта қаланың 50%-ға жуығы цифрландырылды.

Цифрландыру мәселесі ҚР Президентінің жеке бақылауында.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109