1373

«Жас сарбаз» тәрбиеленушілері «Ерлік сабақтарына» қатысты

«Ерлік сабағы» санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып өткізілді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Қарулы Күштердің Ұлттық әскери-патриоттық орталығында «Жас сарбаз» әскери-патриоттық қозғалысының астаналық филиалының тәрбиеленушілері ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Халық Қаһарманы, генерал-лейтенант Бақытжан Ертаевпен кездесті.

Жас патриоттар заманауи қазақстандық армия, әскери қызмет және әскери қызметші мамандығы туралы білді. Қонақтар патриотизм, батылдық, әскери борышқа адалдық сияқты ұғымдар туралы айтты. Әңгімеден оқушылар Қарулы Күштердің құрылу тарихы мен қазіргі жағдайынан хабардар болды.

«Отанға қызмет ету үшін қажырлы еңбек ету, патриот болу, өз бетімен тынымсыз жұмыс істеу, кәсіби шеберлікті арттырып, жаңа дағдыларды игеру қажет. Өскелең ұрпақтың бойынан елімізге деген патриоттық сезім табылуы керек. Әскерге шақырылған жастар Отан алдындағы борышын абыроймен атқаратынына сенімдімін», - дейді Бақытжан Ертаев.

Балалар бейресми әңгімеге белсенді қатысып, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды.

«Елімізге танымал адамдардың өмір тарихын білу мен үшін өте қызық. Біз үшін олар еліміздің дамуына өз үлесін қоса алатын қажырлы еңбегінің арқасында кез келген адамның табысқа қол жеткізе алатындығының мысалы болып табылады», – дейді «Жас сарбаз» тәрбиеленушісі Мадина Бауыржанқызы.

Іс-шара соңында Халық қаһарманына «Жас сарбаз» жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысының «Құрметті мүшесі» белгісі табысталды.

«Ерлік сабақтары» қазақстандық оқушылар үшін тұрақты негізде өткізіледі. Өткен жылдан бастап «Жас сарбаз» тәрбиеленушілері үшін олар еліміздің дамуына үлес қосқан көрнекті тұлғалармен тікелей кездесулер форматында ұйымдастырылады. Бұған дейін жас патриоттар қазақстандық ғарышкер, Халық Қаһарманы, авиация генерал-майоры Айдын Айымбетов, сондай-ақ белгілі спортшы, қоғам қайраткері Ардақ Назаровпен кездесті.

Дәстүрлі «Ерлік сабағы» санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып өткізілді.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109