1061

Нұр-Сұлтанда жауын-шашын кәріздері мен тазарту қондырғыларының құрылысы жүргізілуде

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов мәслихат депутаттарымен және қоғамдық кеңес мүшелерімен бірге бірқатар нөсер жауынының салыну барысымен танысты. Бұл туралы ол өз “инстаграм” парақшасында жазды, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.

“Құрылыс қарқынын ескере отырып, жауын-шашын кәріздері мен тазарту қондырғыларын уақытында салу қажет. Қалада бірнеше проблемалық учаске бар, олар бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Бүгін мәслихат депутаттары және қоғамдық кеңес мүшелерімен бірге бірқатар жауын-шашын су кәрізінің құрылыс барысымен таныстық. Қазір қалада 3 ірі кәріз желісі мен тазарту қондырғысын салып жатырмыз. Бұл мәселе ел басшылығының бақылауында.

Бірінші. Б.Момышұлы даңғылындағы проблемалық учаскесінде орналасқан жауын-шашын су кәрізінің магистралды коллекторының құрылысын аяқтаймыз. Бұл жауын-шашын су кәрізінің ұзындығы – 500 метр, Дауылпаз көшесінен Елім-ай көшесіне дейін жалғасады (Б.Момышұлы даңғылынан өтеді). Жаңа құрылыс қазіргі жауын-шашын су кәрізі желілерінің су өткізу мүмкіндігін бір жарым есе арттырады.

Екінші. Бұған қоса «Молодёжный» шағын ауданында (Тәшенев пен Амман көшелерінің қиылысы) тазарту қондырғыларын салып жатырмыз. Ол жерде коллекторларды да толық қалпына келтіреміз. Бұрын бұл жер батпақты болған.

Бұл қондырғылардың айырмашылығына келсек, олар жаңбыр және қар суын Есіл өзеніне жібермес бұрын тазартуға мүмкіндік береді. Бұрын су ағыны тікелей өзенге ағатындықтан, өзенді ластап, қала экологиясына зиян тигізетін. Бұл құрылысты 2021 жылы аяқтауды жоспарлап отырмыз. Бірақ бірінші кезең – су тазартуды биыл күзде іске қосамыз.

«Молодежный» шағын ауданындағы жаңа қондырғылардың қуаты тәулігіне 42 мың текше метр. Бұл тазарту қондырғылары Тәшенев, Бараев, Уәлиханов, Иманбаев көшелері мен Республика даңғылын су басуына жол бермейді. Себебі тазарту қондырғысы жер астында салынып, оның үстінен абаттандырылған, көгалдандырылған сквер салынады.

Үшінші. Биылғы жылдың соңына дейін Тельман тұрғын алабында тазарту қондырғылары мен магистралды коллектор құрылысы бойынша жұмысты аяқтаймыз. Оның қуаты тәулігіне 36 мың текше метрді құрайды. Жобаны жүзеге асыру жер бетіндегі суағарлардың бұрылуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Ол Тельман тұрғын алабы мен № 27 көшесінің бойын қамтиды.

Төртінші. Биыл Пригородный тұрғын алабы мен Алаш тас жолы бойындағы логистика орталығы ауданында тазарту қондырғыларын салдық. 2019 жылы Мыңжылдық аллеясы ауданындағы екі учаскеде жауын-шашын кәрізі проблемасын шештік.

Бұнымен қоса, коллекторларды тазалау бойынша жұмыс істеп жатырмыз, 2 мың тоннадан астам лай мен қоқыс шығарылды. Сонымен қатар, нөсер суы ағарларға заңсыз қосылып, оларға өндірістік, шаруашылық-тұрмыстық қалдықтарды ағызу фактілерін анықтау бойынша рейдтер жүргізіліп тұрады", - деп жазды Алтай Көлгінов.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109