3933

Елорда колледждерінде қашықтан оқытуды техникалық қолдау жөніндегі штаб құрылды

Сондай-ақ білім беруді жаңғырту орталығы мұғалімдерге онлайн оқыту өткізеді, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.

Нұр-Сұлтан колледждерінде оқу процесі қашықтан жүзеге асырылады. Зертханалық және практикалық сабақтар, өндірістік оқыту және кәсіптік практика кейінге қалдырылды.

«Оқу процесі белгіленген оқу жүктемесіне сай, жоспарға сәйкес жүзеге асырылады. Platonus, Edu page, Zoom, MS Teams, Google meet, Cisco Webex Meltings,  Google Classroom, Moodle, Sova платформалары қолданылады», - деді елеорданың білім басқармасында.

Оқу үдерісін тиімді ұйымдастыру үшін білім беруді жаңғырту орталығы 882 мұғалімді онлайн оқытады. Оқыту Stepik білім беру платформасын қолдана отырып, «Сандық педагогика: оқыту және практика» тақырыбында өтеді. Сондай-ақ жалпы пәндер бойынша 5 511 бейне сабақ, арнайы пәндер бойынша 4 683 бейне сабақ, 27 746-дан астам практикалық тапсырмалар әзірленіп, интернет-ресурстарға орналастырылды.

«Колледждер балансында 4 467 компьютер бар. Қаңтардан бүгінгі күнге дейін 336 дана компьютер сатып алынды. 1 қазанға дейін колледждер үнемделген қаржы есебінен 110 компьютер сатып алады», - деп түсіндірді білім басқармасы.

Компьютерлері жоқ өзге қалалық студенттерге колледждер жатақханадан орын және техника береді. Бүгінгі күні 182 студент қашықтан білім алуға жағдай жасалған жатақханалар мен хостелдерге орналастырылды. Онда барлық санитарлық-гигиеналық талаптар сақталады.

«Барлық білім беру ұйымдарында мұғалімдерге, оқушыларға және ата-аналарға уақытында техникалық қолдау көрсетуді қамтамасыз ету үшін штаб құрылды. Сондай-ақ штаб оқу процесін ұйымдастыру мен қашықтан білім беру технологиялары қатысушыларымен кері байланысты тұрақты мониторингілеу мен бақылауды жүзеге асырады», - деп атап өтті білім басқармасында.

Еске салайық, елордада білім беру қызметін 33 колледж (10 мемлекеттік, 23 жеке) ұсынады, онда 25 мыңнан астам студент білім алуда. Кадрларды даярлау 77 мамандық және 122 біліктілік бойынша жүзеге асырылады. Бүгінгі күні колледждерде күндізгі бөлімде 8508 студент білім алуда, оның 4652-сі мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша. Кешкі және сырттай курстарға қабылдау 20 қыркүйекке дейін жалғасады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109