4128

Нұр-Сұлтанда «Жұмыспен қамтудың жол картасы» жобаларын жүзеге асыруға 12 мыңнан астам адам қатысуда

142 жоба бойынша жұмыс жүргізілуде, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.

Елордада «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы бойынша қала нысандарын жөндеу және қайта құру жалғасуда. Қазіргі уақытта жобаларды іске асыруға 12 274 адам қатысуда, оның 6813-і Жұмыспен қамту орталығы арқылы жұмысқа орналастырылды.

17 қыркүйектегі жағдай бойынша 142 жоба аясында жұмыс жүргізілуде. Білім, мәдениет, спорт, денсаулық сақтау, қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану, көлік және жол-көлік инфрақұрылымын, отын-энергетика кешені мен инженерлік коммуникацияларды салу және жөндеу жұмыстары жалғасуда.

«Инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру механизмі келесідей жүзеге асырылады. Мердігер жұмыс берушілер Жұмыспен қамту орталығына қажет мамандар, жұмыссыздарды жұмыспен қамту жоспары, сондай-ақ белсенді жұмысшылар саны туралы ақпарат береді. Бүгінгі күні азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін 81 жұмыс беруші-мердігермен ниет хаттамасына қол қойылды», - делінген хабарламада.

Сондай-ақ Жұмыспен қамту орталығы жұмыссыз азаматтарға Бизнестің жол картасы шеңберінде жүзеге асырылып жатқан жобаларға қатысуды ұсынады. Барлық елорда тұрғындары, сондай-ақ Нұр-Сұлтанда тұрақты тұруға рұқсаты жоқ азаматтар қатыса алады. Жұмысқа орналасу үшін елорданың Жұмыспен қамту орталығына хабарласу керек. Жүзеге асырылып жатқан жобалар тізімімен және бос жұмыс орындарымен http://cz.astana.kz/vakansii-po-dorozhnoj-karte-zanjatosti/ сілтемесі арқылы танысуға болады.

Естеріңізге сала кетейік, Жұмыспен қамтудың жол картасының негізгі мақсаты - жұмыссыздық деңгейінің өсуіне жол бермеу, қосымша жұмыс орындарын құру және елді мекендерде инфрақұрылымды дамытуға жағдай жасау.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109