3265

Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясының оркестрі онлайн-концерт өткізеді

17 қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің мемлекеттік академиялық филармониясы қазақ оркестрі онлайн-концерт өткізеді. Концерт әлеуметтік желілерде және филармонияның YouTube арнасында сағат 17:30-да көрсетіледі.

Щараның көркемдік жетекшісі, ұжымның бас дирижері - ҚР еңбек сіңірген қайраткері, "Парасат" орденінің кавалері, профессор Айтқали Жайымов.
Дирижер - Мәдениет қайраткері Нұрлан Бекенов.

Қазақ оркестрі көрермендердің эстетикалық талғамының дамуына және дәстүрлі музыкалық өнер туралы танымды арттыруға ықпал ететін концерттік бағдарлама ұсынады. Ұжымның репертуарында - халықтық, халықтық-кәсіби және академиялық музыка бар.
Қазақ оркестрінің музыкалық бағдарламасының маңызды бөлігін Қорқыт, Кетбұға, Дәулеткерей, Құрманғазы, Тәттімбет, Ықылас, Сүгір, Дина Нұрпейісова, Алшекей Бақтыбайұлы, Махамбет Өтемісов және т.б. ұлы күйшілер жасаған қазақтың күйлері жатады. Қазақ оркестрінің орындауында Ахмет Жұбанов, Мұқан Төлебаев, Латиф Хамиди, Садық Мұхамеджанов, Нұрғиса Тілендиев, мақал Қойшыбаев, Кенжебек Күмісбеков, Мыңжасар Маңғытаев, Айтқали Жайымов, Арман Жайым, Нұрлан Бекенов және басқа да қазақстандық композиторлардың шығармалары орындалады.

"Қазақ халық аспаптары оркестріне бейімделген шетелдік академиялық музыка шығармалары да тыңдармандардың қызығушылығын туғызып жатыр. Мәселен, Иоганн Штраус пен Имре Кальманның, барокко композиторы Антонио Вивальдидің таңғажайып шығармалары", – деп атап өтті филармония.

Қазақ оркестрі бұрынырақ өз тыңдармандарына Шоқан Уәлиханов, Сәкен Сейфуллин, Нұрғиса Тілендиев, Әбіш Кекілбаев, Фариза Оңғарсынова, Олжас Сүлейменов, Серік Тұрғынбеков, Хабидолла Тастанов, Төлеген Момбеков, Мұқан Төлебаев және т.б. шығармашылықтарына арналған танымдық, түрлі бағдарламаларды ұсынды.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109