3358

Елордада алғаш рет ата-аналарға үйдегі қауіпсіздік бойынша тренинг өтті

Ата-аналар үшін «Үйдегі қауіпсіздік. Жазатайым оқиғалардың алдын-алу» тақырыбында эксклюзивті онлайн тренинг өтті. Тренингке 5 жасқа дейінгі балалары бар 100-ден астам ана қатысты, деп хабарлады қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы.

Қазақстанда Отбасы күнін мерекелеу аясында «Отбасы - бақыт мекені» республикалық апталығы өткізілуде. №2 көпсалалы қалалық балалар ауруханасы негізінде патронаттық қызметтің әмбебап-прогрессивті моделі бойынша ұлттық жаттықтырушы, педиатр-сарапшы Зәуре Оспанова ата-аналарға үйде балалар үшін қауіпсіз жағдай жасау туралы баяндады. Сонымен қатар балаларды жасына қарай қауіпті заттардан қорғау әдістерін көрсетіп, күйік кезінде жедел жәрдем келгенге дейін не істеу керегін айтып берді.

«Бұл дағдылар нәрестелер мен балалар өлімін азайту үшін өте қажет. Өлім-жітімді төмендетуге бағытталған шаралардың бірі - балаға қауіпсіз жағдай жасау», - дейді көп жылдық тәжірибесі бар жаттықтырушы.

Тренинг ата-аналардың оң бағасын алды.

«Балаларымыздың қауіпсіздігі бәрінен маңызды. Кейде қандай да бір жағымсыз жағдайға тап болғанда балаға қалай көмектесуге болатынын білмей қаламыз. Мұндай тренингтер біздің қауіпсіздік шараларынан хабардар болуымызға көмектеседі. Бүгін мен баламның қауіпсіздігін сақтау туралы көп нәрсе білдім. Қарапайым нәрселер сияқты көрінгенемен, мұндай тәжірибелер қажет», - дейді 4 жасар баланың анасы Гүлмира Айтжанова.

Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы БҰҰ ЮНИСЕФ-пен бірге мыңнан астам елордалық ата-ананы қамти отырып осындай тренингті тағы да өткізуді жоспарлап отыр.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109