4999

Нұр-Сұлтанда “Бизнестің жол картасы” бойынша грант иегерлері анықталды

22 грант иеленуші халықтың әлеуметтік осал топтары қатарына жатады, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.

Нұр-Сұлтанда "Бизнестің жол картасы 2025" бағдарламасы бойынша мемлекеттік грант иегерлері анықталды. Байқау қорытындысы бойынша 57 кәсіпкер грантпен қаржыландыруға ие болады.

"7-11 қыркүйек аралығында өткен отырыстарда байқау комиссиясының мүшелері 563 жобаны қарап, бағалады. Олардың 57-сі ең көп балл жинап, мемлекеттік грантқа ұсынылды", - деп хабарлады қалалық Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының кәсіпкерлікті дамыту бөлімінің бас маманы Әділет Тілепов.

Оеың айтуынша, грант иегерлерінің арасында, 14 кәсіпкер жастар болса, 22 адам халықтың әлеуметтік осал топтарына жататындар.

Конкурсқа қатысу үшін барлығы 599 өтінім берілді. Олардың 36-сы іріктеу кезеңінен өтпеді, өйткені олар бағдарлама шарттарына сәйкес келмеді.

Естеріңізге сала кетейік, биыл БЖК бойынша гранттық қаржыландыруға 260 млн теңге қарастырылған. Бұл ретте 200 млн теңге жергілікті бюджеттен бөлінді. Ал 30 жасқа толмаған кәсіпкерлерге арналған 60 млн теңге республикалық бюджеттен түскен. Грант көлемі-2 млн теңгеден 5 млн теңгеге дейін.

Айта кетейік,"Бизнестің жол картасы" бағдарламасы Қазақстанда 2010 жылдан бастап жұмыс істейді. Оның бағыттарының біріне әкімдіктер жетекшілік етеді.

Жергілікті атқарушы органдар бизнесті гранттармен және инфрақұрылымдық бағытта қолдайды. Грант иелену конкурсына жұмыс істеп жүрген кәсіпкерлер де, өз ісін ашқысы келетін қазақстандықтар да, оның ішінде әйелдер, мүмкіндіктері шектеулі адамдар және 50 жастан асқан адамдар да қатыса алады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109