6730

Нұр-Сұлтанда көпірасты кеңістік ашылды

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ маңындағы үш мың шаршы метрге жуық жаңа көпір алаңы абаттандырылды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімі Алтай Көлгінов өз "инстаграм" парақшасында жазды, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.

“Тұрғындарымыз бен елорда қонақтары үшін тағы бір көпірасты кеңістік  (Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ маңы) ашылды. Ол үшін 3 мыңға жуық шаршы метр жер абаттандырылды. Жаңа қоғамдық кеңістік екі бөлек орналасқан үлкен аумақтан тұрады. Бұл – баскетбол және воркаут алаңдары. Жас тұрғындарымыздың өтініші бойынша скейт-алаң ашылып, теннис үстелі орнатылды.

Суретшілеріміз де қабырғаларға танымал спортшыларды бейнелеп, ол да өзіндік сән беріп тұр. Бұл – балалардың көз алдында оларға рух беріп, өздеріне сенімді болуы үшін үлгі боларлықтар көрініс. Өйткені кәсіби ареналарға апаратын жол және салауатты өмір салтын қалыптастыру ауладағы спорттан басталатыны белгілі. Ол үшін биыл 150 аула мен 50 қоғамдық кеңістікті абаттандырамыз. Осының өзі бізге 300 мыңнан аса адамның спортпен айналысуына жайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді. Бұдан бөлек, 3 тұрғын алапта үлкен спорт кешенінің құрылысы жүріп жатыр. Сол сияқты бірқатар спорт нысанына жөндеу жүргізіледі. 

Карантин бізге денсаулыққа аса мән беріп, иммунитетімізді көтеріп, спортпен айналысу керектігін көрсетті”, - деп жазды Алтай Көлгінов.

Фото: Александр Куприенко

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109