1261

Нұр-Сұлтанда жаңа аулалар және қоғамдық орындармен 300 мыңнан астам адам қамтылды

Биыл Нұр-Сұлтанда 150 аула мен 50 қоғамдық кеңістік абаттандырылады, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.

Нұр-Сұлтанда ай сайын спорттық және бос уақытты өткізуге арналған орындар көбеюде. Аумақтар тұрғындардың талап-тілегін ескере отырып абаттандырылуда. Елордада бюджетке қатысу жобасы жүзеге асырылуда. Жоба аясында тұрғындар өз өтініштерін қалдыра алады.

«Біз үшін бастапқыда жобаның тұрғындардың талап-тілегін ескере отырып жүзеге асырылатыны, тұжырымдамасы өте қызықты болды. Ұсыныстарымыз ескеріліп, жайлы демалыс аймағы қалыптасты», – дейді белсенді, «Жастар» шағын ауданының тұрғыны Александр Цвет.

Шағын ауданда жаңа футбол алаңдары, орындықтар, воркаут алаңдары, балалардың ойын алаңдары орнатылды. Балалар мен ересектер аулаларда көбірек уақыт өткізе бастады.

«Бұрын біздің аулада кішкене сырғанақ пен әткеншек болатын. Балаларды мұнда уақыт өткізу қызықтырмайтын. Серуендеуге басқа жерлерге, мысалы, жағалауға баратынбыз. Енді мұнда көбірек уақыт өткізе аламыз. Аулада 1,5 сағаттан кем емес уақытты өткіземіз, балалар да уақытын тиімді өткізе алады», – деді «Жастар» шағын ауданының тұрғыны Ирина Царицынская өз әсерімен бөлісіп.

«Маған аула ұнайды. Футбол алаңы да жақсы салынған. Аула да жақсы. Барлығына ұнайды, барлығы мұнда ойнауға келеді», – дейді «Жастар» шағын ауданының кішкентай тұрғыны Айтуар Телепов.

Жаңа қоғамдық және көпір асты аумағында спортпен шұғылданып, пайдалы уақыт өткізуге де аласыз. Мысалы, жақында сондай орын Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ жанында ашылды. Онда баскетбол және воркаут алаңдары орнатылды. Жастардың өтініші бойынша мұнда скейт-паркі де ашылып, теннис үстелдері орнатылды.

«Бұл спорт түрін дамытуға көңіл бөліп жатқаны қуантады. Скейт паркі салынғанына қуаныштымын. Мұнда серуендеу өте ыңғайлы. Жақсы салынған», - дейді елордалық жастардың бірі.

«Бұл алаң баскетболды ұнататындар үшін өте жайлы орын екені сөзсіз. Жастар көп уақытын осындай жерлерде өткізеді», – дейді жаңа қоғамдық кеңістікке келген тағы бір адам.

Мемлекет басшысы бұқаралық спортты дамытуды тапсырды. Биыл елордада 150 аула мен 50 қоғамдық орын абаттандырылады. Қазіргі уақытта жұмыстың көп бөлігі аяқталды. Жаңа аулалар мен қоғамдық орындар 300 мыңнан астам адамға спортпен айналысуға және бос уақыттарын өткізуге қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік берді. Сонымен қатар үш тұрғын ауданда үлкен спорт кешендері салынуда. Елорданы дамыту «Нұр-Сұлтан – жайлы қала» бас жоспары тұжырымдамасы аясында жүзеге асырылуда.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109