3027

Әлеуметтік нысандар жылыту маусымына толық дайын

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов жылыту маусымының басталуы жөнінде жиналыс өткізді. Бұл туралы ол өз "инстаграм" парақшасында жазды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

“Алдағы жылу маусымына дайындалып жатырмыз. Ең алдымен мектеп, балабақша, медицина мекемелері сынды әлеуметтік нысандарға жылу беріледі. Әлеуметтік мекемелердің ғимараттары жылу маусымына толық дайын. Сондай-ақ, көппәтерлі тұрғын үйлерге де жылу беріле бастайды. Жаңа нысандарға қосатын жылу көздерін анықтадық, қазір қуатты тексеріліп жатыр.

Ал жеке сектор тұрғындары үшін қаланың әр жерінде орналасқан 11 көмір сататын орын белгіленді. Алып-сатарлық пне түсінбестік болдырмас үшін көмір қоймаларына көмір жеткілікті мөлшерде әкелінді. Көмірдің бағасы, түрі сияқты толық ақпаратты 109 желісіне хабарласып біліп отыруға болады.

Сонымен қатар елдімекендерді газдандыру жұмысы жалғасып жатыр. Мәселен, Железнодорожный елдімекенінде газбен жабдықтайтын тарату желілері толық жүргізілген. Промышленныйда, 2-ші Көкталда 95%, 1-ші Көкталда жұмыстар 80%-ке бітіп тұр. Мұндай жұмыстар Агрогородок, Оңтүстік-Шығыс тұрғын алаптарында да жүріп жатыр. Осы тұрғын алаптардағы үйлер, оның ішінде Агрогородоктың жартысы биылғы жылу маусымында газды қолдана алады. Тұрғындар үйлерін газға қосуға техникалық шарттар алу үшін фронт-кеңселерге баруы керек.

Бұдан өзге, биыл 1-ЖЭО мен 2- ЖЭО бір бөлігін газға көшіреміз. Ауа температурасы 5 күн шамасында +10 градус (және одан төмен) болып тұрса онда жылу беру басталады”,-деп жазды Алтай Көлгінов.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109