3032

Жеңілдігі бар және мектеп көлік карталарын жеткізуге тапсырыс беруге болады

Картаны жеткізу қызметі елорда мен оның маңындағы елді-мекендердің тұрғындары үшін қолжетімді, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.

Енді transcard.kz сайтында жеңілдігі бар және мектеп көлік карталарын жеткізуге тапсырыс беруге болады. Сайтта өтінім қалдырыңыз және үйге дейін немесе «TASTAMAT» терминалына дейін картаны жеткізуге тапсырыс беріңіз. Ол үшін орталық кассаға барудың қажеті жоқ.

Жеткізуге қалай тапсырыс беру жолдары төмендегідей:

1. transcard.kz сайтында электронды өтінім қалдырыңыз. Барлық талап етілетін бос орындарды толтырып, қажетті құжаттарды жүктеу қажет.

2. Мектеп және жеңілдігі бар карталарының шығарылымын төлеңіз. "Жіберу" батырмасын басқаннан кейін, төлем жасау парақшасына өтесіз.

3. Жеткізуге өтінім қалдырыңыз. Төлем жасағаннан кейін, "Сайтқа оралу" батырмасын басыңыз. Сіз картаны жеткізуге өтінім қалдыруға арналған парақшаға өтесіз. Тапсырыс нөмірін және SMS келетін кодты енгізу керек. "Жіберу" батырмасын басқаннан кейін, жеткізу сайтына өтесіз.

4. Жеткізуді рәсімдеңіз. Жеткізу тәсілін таңдап, осыдан кейін мекенжайыңызды толтырып, қызмет үшін ақыны төлеу керек.

"Жеткізу қызметі тек мектеп және жеңілдігі бар көлік карталары бойынша іске асырылады. Басқа санаттар бойынша жоғары сұраныс туындаған жағдайда оларды да жеткізуді қарастырамыз", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, картаны жеткізу қызметі елорда мен оның маңындағы елді-мекендердің (Лесная поляна, Қосшы, Қоянды, Жібек Жолы) тұрғындары үшін қолжетімді.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109