3356

Нұр-Сұлтанда онлайн режимде балаларға арналған көрмелер, концерттер мен спектакльдер өткізіледі

Қаланың кішкентай тұрғындарына арналған мәдени бағдарламада өнер қайраткерлерімен, танымал адамдармен тікелей эфирде кездесулер де бар, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.

Елордалық балалар үшін онлайн форматта ауқымды бағдарлама дайындалды. Балаларға арналған қойылымдар, көрмелер, концерттер және белгілі тұлғалармен кездесулер өткізіледі. Осы аптада келесі іс-шаралар жоспарланған:

24 қыркүйек күні Мемлекеттік академиялық филармония «Қорқыт» этно-ансамблінің «Ұлы даландық ұлы есімі «ҚОРҚЫТ» онлайн концертін өткізеді. Музыкалық қойылым сағат 16:00-де басталып, Instagram: astana_filarmoniya және Facebook: astana.filarmoniya арқылы көрсетіледі.

25 қыркүйекте «Сарыарқа» фольклорлық ансамблі Мұхаметқали Тінәлиннің шығармашылығына арналған «Шілдері қайысы» онлайн концертін ұсынады. Акция 16:00-ге жоспарланған. Шараны Instagram: astana_filarmoniya және Facebook: astana.filarmoniya әлеуметтік желілерінен көруге болады.

26 қыркүйекте «Жастар» театры ІІ буын актерлерімен онлайн эфир өткізеді. Кездесу сағат 19:00-де https://www.instagram.com/zhastar_teatry/, Facebook және YouTube парақшаларында басталады.

Елордалық қуыршақ театры «Балалар әлеміндегі таңғажайып оқиғалар» бағдарламалар топтамасын өткізеді. Онда балаларға тағылымды әңгімелер айтылады. Көрсетілім 23, 24, 25 қыркүйекте сағат 14: 00-де онлайн режимде өтеді. Балалар оларды Instagram-да @teatrkukolnursultan және Facebook-те teatr.kukol.nursultan парақшалары арқылы тікелей эфирде көре алады.

Сондай-ақ елорданың орталықтандырылған кітапхана жүйесі «Бейбітшілік - бұл ақиқат, татулық - келісім»; «Жер шарында бейбітшілік болсын!»; «Қазақстан халқының Ассамблеясы»; «Әлем үшін керемет бол, сонда әлем сен үшін ғажап болады» онлайн кітап көрмесі топтамаларын дайындады. Экспозиция бір ай бойы қолжетімді болады. Сағат 10:00-де қала тұрғындары оған Instagram-да және Facebook-те kitap_kala парақшасынан кіре алады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109