3611

Елордалық дәрігерлер ауыр жарақат алған баланы өлім аузынан құтқарды

2015 жылғы қыз Нұр-Сұлтан қаласының №2 Көпбейінді балалар ауруханасындағы жедел хирургияның жедел жәрдем бөліміне ес-түссіз күйде жеткізілді. Бала дереу аппаратқа қосылды, жамбас мүшелерінің жарақаттарына шұғыл ота жасалды. Былай дегенде, мамандардың келісілген іс-әрекеттерінің арқасында бала аман қалды.

Қыркүйек айының басында елорда аумағындағы ауылдық жерлерде қайғылы оқиға орын алды. Абайсыздықта немқұрайлылық салдарынан екі баланы трактор басып кетті. Өкінішке орай, бір бала оқиға орнында қаза болды. Екінші бала елордалық балалар ауруханасына жедел жеткізілді. Ауруханаға түскен бойда баланың жағдайы өте ауыр болғанын дәрігерлер де дәлелдеп отыр. Жедел хирургиялық көмек бөлімшенің деңгейінде науқасты хирургтар, нейрохирур, травматолог және реаниматологтар қарап шықты. Бала 10 күн жансақтау бөлімінде уақыт кешті.

Аурухананың травматолог дәрігері Мұхтар Ахмұрзаевтың айтуынша, қыз бала жарақаттық шок жағдайында түсті.

«Бала өте ауыр жағдайда, 3 дәрежелі жарақаттық шок жағдайында түсті. Мамандардың уақытылы жедел көмек көрсеткені аса маңызды болды. Бала аппаратқа қосылып, шокқа қарсы терапия жүргізілді. Шұғыл түрде ота жасау керек екені белгілі болды», - деді дәрігер.

5 жасар қыздың басынан өткен оқиға оның отбасы үшін қатты соққы болғаны сөзсіз. Баласын өлімнен құтқарғаны үшін дәрігерлерге шексіз алғыс білдіретін отбасы кішкентай науқастың жанында.

«Қазір қызымның жағдайы жақсы. Көңіл-күйі де жақсы. Әкесімен видео байланыс арқылы телефонмен сөйлесіп тұрады. Барлық отбасы болып дәрігерлерге мың алғыс айтамыз. Бірінші Құдайдың қалауымен, екінші дәрігерлердің арқасында қызымыз қазір аман-есен қасымызда», - дейді қыздың анасы.

«Қыздың аман-есен шығуы үлкен қуаныш. Жамбас пен зәр шығару жолдары қатты зақымданған. Қазір баланың жағдайы тұрақты. Барлық процедураларды аяқтағаннан кейін бала үйге шығарылады», - деді хирургиялық бөлімінің басшысы Ринат Байгиреев.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109