3214

Нұр-Сұлтанда "ISO 37001: сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент жүйесі" тақырыбында дөңгелек үстел өтті

Бүгін "Қазақтелеком" АҚ филиалы – Орталық өңірлік телекоммуникация дирекциясында "ISO 37001: сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент жүйесі" тақырыбында дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.

Іс-шара барысында қатысушылар ISO 37001 халықаралық стандартының құрылымы мен артықшылықтарымен танысты. Стандарт мекемелер үшін егжей-тегжейлі нақты талаптарды белгілейді және парақорлықпен күрес жүйесін енгізу, қолдау және жетілдіру бойынша нақты ұсыныстар береді.

"Осы Стандартта сипатталған әдістер әртүрлі. Бұл сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саясатын қабылдау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдарды сақтауға жауапты адамды немесе қызметті тағайындау. Бастысы қызметкерлерді оқыту маңызды, сыбайлас жемқорлықтың себебіне тұрақты негізде бағалау жүргізу және қорғау шараларын қалыптастыру. Егер қарапайым тілмен айтатын болсақ, бұл жүйе басшыға әрбір қызметкердің парасаттылығы туралы алаңдамауға мүмкіндік береді, өйткені бұл жүйемен бақыланатын болады", – деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелерін зерделеу жөніндегі зерттеу орталығы басшысының орынбасары Ержан Жаров.

Іс-шара барысында ISO 37001 стандартының талаптарына сәйкес, қатысушылар ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының менеджмент жүйесін құру және аккредиттелген тәуелсіз органнан сәйкестік сертификатын алу тәжірибесімен бөлісті.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109