3471

Волонтерлер мектебінде оқыту қалай жүргізіледі

Жалпы биыл 300-ге жуық волонтер оқыту жоспарланған, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.

Нұр-Сұлтандағы волонтерлер мектебінде оқыту жыл сайын өткізіледі. Қазіргі уақытта «Астана жастары» КММ-дегі еріктілер тізімінде екі мыңға жуық адам бар. Ерікті болғысы келетіндер үш кезеңнен тұратын оқудан өтуі керек.

«Алдымен бастапқы дайындық курсынан өту керек. Онда алғашқы медициналық көмек көрсетуді үйретеді, түрлі психологиялық тренингтер өткізеді. Яғни, жалпы дайындық жүргізіледі», - дейді Нұр-Сұлтан әкімдігінің «Астана жастары» басшысы Шыңғыс Тілеулин.

Бастапқы дайындық шамамен он сабақтан тұрады. Одан кейін мамандандыру курсы өтеді. Еріктілер бағыттарға бөлінеді.

«Төтенше жағдайлардағы көмекке қатысқысы келетіндер мамандармен бірге дайындықтан өтіп, оқу-жаттығу жиындарына барады. Сонымен қатар халықаралық еріктілер мен әлеуметтік еріктілерге арналған тренингтер өткізіледі. Әрі қарай тікелей акциялар кезінде практикалық сабақтар болады», - деп түсіндірді Шыңғыс Тілеулин.

Естеріңізге сала кетейік, 2020 жыл Қазақстанда Волонтерлер жылы деп жарияланды. Ұйымда 2014 жылдан бастап шамамен 2,5 мың адам оқытылды. Еріктілер Арыс қаласын қалпына келтіруге көмектесті, пандемия кезінде мұқтаждарға көмек жеткізді, маскалар таратты және бұған дейін Қазақстанның астанасында өткен халықаралық іс-шараларға қатысты.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109