3290

Елорда әкімі ішкі партиялық праймеризге қатысушылардың үгіт-насихат жұмыстарымен танысты

Нұр-Сұлтанда праймеризге 400-ден астам адам қатысады, қатысушылардың ең көп саны елордаға тиесілі. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов өз “инстаграм” парақшасында жазды, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.

“Праймеризге Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 400 адам қатысып жатыр. Бір орынға - 18 үміткер! Бұл азаматтардың бастамаларының астарында дәрігер, әлеуметтік қызметкер; шағын және орта бизнес, мәдениет пен спорт өкілдері; мемлекеттік қызметкерлер; ғылым қайраткерлері; т.б. тұрған жоқ. Бұның астарында тәжірибе тезінен өткен жандардың қаланың түрлі бағыт пен саладағы даму жолына көзқарасы тұр.

Бүгін партияішілік праймериз аясындағы үгіт-насихат науқанымен таныстым. Үміткерлер сайлауалды бағдарламаларын ұсыныпты. Олардың осы іске бел шеше кіріскені қуантты. Ұсынылған бағдарламалардың ішінде қала мен тұрғындар үшін маңызды бағыттарды атап өттім. Олар - тұрғын-үй коммуналдық шаруашылықтың модернизациясы, баспана бағдарламаларына енгізілетін қосымша механизмдер, шағын және орта бизнеске жағдай жасау, жастарға алғашқы еңбек тәжірибесін алуға көмек сияқты келелі істер. Үміткерлер сонымен бірге - ерекше қажеттігі бар жандарға кедергісіз орта қалыптастыру мәселесін де ұмытпаған екен.

Мемлекет басшысы Халыққа Жолдауында осы бағыттардың дамуына мән берген болатын. Қалалықтардың бұл мәселелер жөнінде әлеуметтік жауапкершілігі мен азаматтық ұстанымы бары қуантпай қоймайды. Ел бойынша праймеризге қатысып жатқандар саны бойынша көшбасшы - біздің қала. Барлық үміткерлерге табыс пен өз тұлғасына сенімді болуын тілеймін!

Партия көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев праймериздің басты мақсаты - халық көңілінен шығатын партиялық тізімдер жасау екенін атап өткен еді. Бәсеке негізінде қоғам тарапынан қолдауы күшті, ахуалдың мән-жайын білетін, беделді де белсенді тұлғаларды іріктеу - осы науқанның басты межесі. Праймериз - өзінің өңірі мен елінің дамуына ат салысып, үлес қосуға дайын азаматтардың барлығы үшін әлеуметтік баспалдақ.

Дауыс беруге қатысып, үміткерлердің сайлауалды бағдарламаларымен танысу үшін «Праймериз» ақпараттық жүйесінде авторизация жасадым. Онлайн дауыс беру 1-3 қазан аралығында өтеді. Праймеризде алдағы ҚР Парламенті Мәжілісіне немесе мәслихаттарға болатын сайлауға партия тізімдері жасақталады”, - деп жазды Алтай Көлгінов.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109