1491

«Учаске» жедел алдын алу шарасы аясында 5 мыңға жуық адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Шара басталғаннан бері учаскелік инспекторлар 67 мыңнан астам пәтерге барды, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.

Құқық бұзушылықтардың алдын алу шараларын күшейту мақсатында 7 қыркүйектен 1 желтоқсанға дейін елордада «Учаске» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

«Жедел алдын алу шарасы басталғаннан бері учаскелік инспекторлар 67 мыңнан астам пәтер, 9 мыңнан астам жеке үй мен 2,6 мың саяжайға барды. Базарларда, сауда үйлерінде, техникалық қызмет көрсету станцияларында және азық-түлік емес тауарлар сатылатын басқа жерлерде шамамен 1340 рейд жүргізілді», - делінген полиция департаментінің хабарламасында.

Жедел алдын алу шарасы кезінде 4879 азамат түрлі заң бұзушылықтар үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оның ішінде 426 адам қоғамдық орындардың ластанғаны үшін, 673 адам қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдіктер ішкені үшін, сонымен қатар отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы заңсыз әрекеттері үшін 53 адам ұсталды.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109