1369

Елорда әкімі қоғамдық көлікті цифрландыру мәселесі туралы айтты

Жыл аяғына дейін қаладағы көше қиылыстарының 80% осы цифрлы жүйемен қамтылатын болады. Аталмыш шара тәуліктің қарбалас уақытында түйінді бағыттардың жүктемесін азайтады. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов өз "инстаграм" парақшасында жазды, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.

Бүгін Kazan Digital Week халықаралық форумына онлайн қатыстым. Басқа елдердегі әріптестермен бірге интеллектуал транспорт жүйелерін талқылап, тәжірибемізбен бөлістік. Қоғамдық тасымалдың модернизациясы мен цифрлануы - басым бағыттардың бірі. Автобустарды жаңартып қана қоймай, жаңа маршруттар қосып, жол салып, қалалықтардың ыңғайы үшін электронды қарым-қатынас механизмдерін енгізу керек.

Бірінші. Интеллектуал транспорт жүйесін дамыту.

Көше қиылыстарында тұрған бағдаршамдардың 50% адаптив басқару жүйесімен қамтылған. Мұндай технология көлік ағынын автоматты режимде есептеп, бағыттар бойынша шешім қабылдайды. Бұл көлік ағынының жылдамдығын арттырып, жолда жоғалатын орташа уақытты 20% қысқартуға мүмкіндік берді. Жыл аяғына дейін қаладағы көше қиылыстарының 80% осы цифрлы жүйемен қамтитын боламыз. Бұл - тәуліктің қарбалас уақытында түйінді бағыттарға жүктемені азайтады.

Екінші. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету

Бақылау камералары жол-көлік оқиғаларын 20% қысқартып, өлімге әкеп соғатын жағдайларды 40% азайтуға мүмкіндік берді.

Үшінші. Қоғамдық тасымалды дамыту

Қалалықтардың ыңғайы үшін қаламаңы көлік қатынасын енгіздік (32 елді-мекенге қызмет көрсетіледі); экспресс , sport shuttle bus маршруттар да бар (бұқаралық мәдени шаралар үшін). Тұрғындардың өтініші бойынша 40 маршрутты оңтайландырдық.
Қоғамдық көліктерді 70% астамын жаңартып, жыл басында көшелерге 100 жаңа электр автобустар шықты. Жыл аяғына дейін электр автобустардың тағы бір партиясы шығады.

Барлық автобус жолақы төлеудің электронды жүйесімен жабдықталған, бұл карантин кезеңінде індет жұқтыру ықтималдығын азайтты. Электронды есеп айырысуға 100% өтудің арқасында 6 млрд теңге «көлеңкелі айналымнан» шығарылды.
Сонымен бірге, қалалықтар автобустардың қай жерде келе жатқанын мобил қосымша арқылы қарап, аялдамалардағы электронды таблолардан көре алады.

Автобус жолақтары да нәтижелі болды: автобустардың жолдағы орташа уақыты 15-20% қысқарды. Жолақтардың санын 24-тен 36-ға көбейтпекпіз. Бұл автобусты күту уақытын және 15% азайтады. Барлық бағыттар бойынша жұмыстар тұрақты жүргізіліп келеді”, - деп жазды Алтай Көлгінов.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109