1457

Мәдениет басқармасының қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамадағы өзгерістер туралы айтылды

Тыңдаушыларға сыбайлас жемқорлыққа бару тәуекелдеріне талдау жүргізу мәселелері түсіндірілді, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.

Нұр-Сұлтанда мәдениет басқармасы қызметкерлері мен ведомстволық ұйымдар директорлары ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің департаменті басшысының бірінші орынбасары Жазира Жылқышиевамен кездесті. Қатысушыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамадағы өзгерістер және парасаттылық идеологиясының таралуына ықпал ететін бастамалар туралы айтылды.

"Мен өнер, мәдениет және шығармашылық адамдары арқылы парасаттылық идеологиясын жүргізу - ортақ іс деп санаймын. Аудиторияға заңдағы өзгерістер, "Астана адалдық алаңы" жобасы, ақпараттық-білім беру штабының жұмысы, ашық бюджеттердің интерактивті картасы туралы айтып бердік. Алдағы уақытта осындай семинарларды барлық мекемелерде өткізуді жоспарлап отырмыз", - деді Жазира Жылқышиева.

Сондай-ақ, маман сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін мән-жайларды жою қажеттілігі туралы айтып берді.

Сонымен қатар, тыңдаушыларға мемлекеттік мекемелерде сыбайлас жемқорлыққа бару тәуекелдеріне талдау жүргізу және бірінші басшылардың дербес жауапкершілігін күшейту мәселелері түсіндірілді.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109