2776

Үйден шықпай алуға болатын ең танымал 3 онлайн мемлекеттік қызмет

Елорда тұрғындары көбіне дәрігер мен жедел жәрдем шақыру, балаларды балабақшаға орналастыру қызметіне жүгінеді, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.

Мыңдаған қазақстандықтар цифрландырудың артықшылықтарын күнделікті өмірде сезінуде. Жаңа технологиялар дәуірінде кезекке тұрып, қаланың қарама-қарсы шетіндегі әртүрлі мемлекеттік органдарға барудың қажеті жоқ. Батырманы бірнеше рет басу арқылы қажетті анықтаманы алуға, тұрғын үйге немесе балабақшаға кезекке тұруға болады. Осылайша бірнеше минут ішінде барлық қажетті операцияларды жасай аласыз.

Нұр-Сұлтан қалалық цифрландыру және мемлекеттік қызметтер көрсету басқармасы (www.digital.astana.kz) барлық процестерді автоматтандыру, оңтайландыру жұмыстары жүргізуде. Мұнда денсаулық сақтау, білім беру, көлік, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, сәулет және қауіпсіздік саласындағы қызметтер цифрландырылған. Тек өткен бірінші жартыжылдықта онлайн режимде үш миллионға жуық қызмет көрсетілді!

Бүгінде елорда тұрғындары арасында ең танымал онлайн-қызметтердің қатарына медициналық және білім беру қызметтері, сондай-ақ баспана кезегін алу кіреді.

Рейтингте бірінші орында дәрігерге жазылу, науқас парағына алу және damumed сайты арқылы жедел жәрдем шақыру бар. Қосымшаны жүктеу немесе веб-сайтқа кіру арқылы пайдаланушылар медициналық кабинеттің басқа да көптеген электронды қызметтеріне өздерінің жеке кабинеттері арқылы қол жеткізе алады.
Қосымша арқылы әркім өзі үшін де, отбасы - ата-анасы мен балалары үшін де керек қызметіне тапсырыс бере алады.

Тілек білдірушілер батырманы бірнеше рет басу арқылы жазылуға, кез келген ыңғайлы уақытта дәрігерді үйге шақыруға мүмкіндігі бар. Дәрігер келесі жұмыс күні келеді.
Сондай-ақ, қосымшаның арқасында алдын-ала құнын қарап, қажетті дәрі-дәрмектері бар дәріханаларды таба аласыз.

Сонымен қатар, әзірлеушілер қосымша арқылы сіздің жеке кабинетіңізде жазылған рецептілерді көруге, денсаулығыңыздың көрсеткіштерін бақылау күнделігін жүргізуге, оларды динамикада көруге және т.б. мүмкіндігі бар екенін айтады.

Ең танымал мемлекеттік қызметтердің алғашқы үштігінде екінші орынды балабақша кезегі алады.

Мекемеге жолдама алу үшін өтініш беруші e.astana.kz/indigo24.kz порталы арқылы мемлекеттік қызметті пайдалануы керек. Қызмет жеке кабинет арқылы баланың ата-анасына немесе заңды өкілдеріне ғана қол жетімді.

Тілек білдірушілер электронды түрде сауалнама толтырып, оны беру және кезек нөмірі туралы хабарлама алуы керек.
Бұл жағдайда өтініштің мәртебесі және кезек нөмірі туралы қосымша хабарламалар алу үшін баланың ЖСН, ата-анасының (немесе заңды өкілінің) екі жарамды ұялы телефон нөмірі болуы қажет.

Сондай-ақ заңды өкілдің құқықтарын және / немесе мектепке дейінгі ұйымнан орын алу үшін жеңілдіктердің болуын растайтын құжаттардың электронды көшірмелері қажет.

Онлайн мемлекеттік қызметтердің ең танымал үштігін egov.kz арқылы үй алу кезегі қорытындылайды. Бұл үшін ЭСҚ және жеке мәліметтер қажет.

Өтінімнің мәртебесін жеке кабинетіңізде «Қызметтерді алу тарихы» бөлімінде көруге болады. Оны тұрғын үй басқармасы күнтізбелік 30 күн ішінде қарайды. Тіркеу немесе тіркеуден бас тарту туралы жауап телефонға SMS хабарлама арқылы жіберіледі.

Үйден шықпай-ақ баспана кезегінде тұру туралы толық ақпаратты сілтемесінен таба аласыз.

Айта кетейік, жақын арада азаматтарға ыңғайлы болу үшін елордада мемлекеттік қызметтерді 100% автоматтандыру жоспарлануда. Қазіргі уақытта халықтың цифрлық сауаттылығының айтарлықтай өсуі байқалады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109