1777

Нұр-Сұлтанда жануарларды қорғау жөніндегі кеңес құрылады

Нұр-Сұлтанда жануарларды қорғау жөніндегі кеңес құрылады. Оның құрамына жануарларды қорғаушылар, қоғам қайраткерлері, ветеринария қызметкерлері, ғалымдар, ауылшаруашылық университеттерінің оқытушылары және практик-ветеринарлар кіреді. Топтық кездесулер тоқсан сайын өткізіліп тұрады. Бұл туралы бүгін жануарларды қорғау ұйымдарының өкілдерімен кездесуінде әкімнің орынбасары Нұрлан Солтамбеков мәлімдеді.

Кеңес қала әкімдігі жанынан жұмыс істейтін болады. Ол жануарлардың құқығын қорғаумен, қаланы күтіп ұстауға арналған инфрақұрылыммен, үйсіздік проблемаларымен (баспана, жануарлар популяциясын реттеу) айналысады, ең бастысы, жануарларға ізгілікпен қарау принциптерін қолдайды.

Жануарлар құқығын қорғаушылар мемлекеттік органның бастамасын қолдады.

«Біз қоғамдық кеңес құру туралы 2017 жылдан бері айтып келеміз, тіпті қамқоршылар кеңесіне ереже жаздық, бірақ ол өтпеді. Менің ойымша, бұл дұрыс көзқараспен жасалған жақсы бастама. Әкімдік тарапынан қоғамдық бақылау және ұйымдастырушылық қолдау болады», - деді INUCOBO жануарларды қорғау қауымдастығының президенті Лилия Сарсенова.

Кездесуде жаңа питомникті сенімгерлік басқаруға беру мәселелері де талқыланды. Жиынға INUCOBO жануарларды қорғау қауымдастығының президенті Лилия Сарсенова, Halfwayhome жануарлар баспанасының басшысы Ганикен Дербисалиева, «Я живой» баспанасының басшысы Елизавета Липисей, «Ковчег» баспана ұйымдастырушысы Сюзанна Чуланова және т.б. қатысты.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109