1729

Нұр-Сұлтанда «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі өкілдерінің «Астана жастары» еріктілерімен кездесуі өтті

Жобалық кеңсе қызметкерлері мен орталықтың волонтерлеріне бағдарламаның жаңа арнайы жобалары таныстырылды, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.

Нұр-Сұлтанда «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі өкілдерінің «Астана жастары» жастар ресурстық орталығының волонтерлерімен кездесуі өтті.

Жобалық кеңсенің жетекшісі Ақерке Жұманбаева орталық қызметкерлері мен еріктілерді «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жаңа арнайы жобаларымен таныстырды. Атап айтқанда, «Үнем- қоғам қуаты», «Дәстүр мен ғұрып», «Еңбек- елдің мұраты» және «Құқықтық мәдениет» жобаларының мақсаттары мен міндеттері түсіндірілді.

«Кездесудің басты мақсаты - «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жастар арасында насихаттау және түсіндіру. Жеке қасиеттерді жетілдірудің арқасында ғана біз ұлттық кодты сақтай аламыз және әрбір қазақстандықтың санасын жаңғырта аламыз», - деді Ақерке Жұманбаева.

Жастар Волонтерлер жылы аясында бірқатар іс-шаралар ұсынып, жүйелі жұмыс нәтижелерімен таныстырды.

Барлығы «Астана жастары» жастар ресурстық орталығының бес жүзге жуық еріктілері елдің дамуына үлес қосуға мүмкіндік беретін мәдени, экологиялық, әлеуметтік шаралардың барлық түрлерін ұйымдастыруға қатысуда.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109