2788

«Нұр-Сұлтан 1» темір жол вокзалындағы тұрақ платформасы жаңартылды

28 қыркүйектен бастап «Нұр-Сұлтан 1» теміржол вокзал алаңындағы (ескі вокзал) тұрақта жаңартылған платформа іске қосылады.

Жаңартылған тұрақ платформасы пайдаланушыларды тұрақ аумағына кіру, ақы төлеу және одан шығу сияқты қажетті қызметтер кешенімен қамтамасыз етеді.

Тұрақ үшін төлемді енді паркоматтан бөлек, басқа да тәсілдермен жасауға болады. Ол: мобильдік қосымша, сайт, касса, Qiwi және Kaspi.kz. Арнайы nsparking.kz мобильді қосымшасы дайындалып, іске қосылды (App Store және Google play), nsparking.kz ресми сайты жасалды.

nsparking.kz сайтындағы жеке кабинет және nsparking.kz мобильді қосымша арқылы пайдаланушы көлік құралының мемлекеттік нөмірі бойынша немесе тұрақ картасының нөмірі бойынша өзі үшін де және басқа пайдаланушы үшін де төлем жасай алады, жеке шотын толықтырады, тұрақ қызметі, қолданыстағы тарифтер туралы ақпарат алады, төлемдер мен тұрақ сессияларының тарихын қадағалайды.

Сондай-ақ тұрақ бағдарламасы Qiwi және Kaspi.kz төлем жүйелерімен біріктірілген. Теміржол вокзалы ғимаратында QIWI терминалдары арқылы төлеуге болады, онда басты экранға nsparking.kz орналастырылған. Төлем жасау үшін пайдаланушыға көлік құралының мемлекеттік нөмірін немесе тұрақ картасының нөмірін енгізу қажет. Дербес шотты nsparking.kz қосымша арқылы толықтыруға болады.

Теміржол вокзалының ғимаратында ақы төлеу паркоматы қойылды. Төлемді қолма-қол ақшамен де, ақшасыз тәсілмен де жүргізуге болады. Сондай-ақ банктік картамен байланыссыз және байланыс тәсілдерімен төлеуге болады. Ұялы телефон мен банк картасы арқылы төлемді NFC арқылы жасауға мүмкіндік бар. Тұрақ кеңістігін пайдалану бағасы өзгерген жоқ.

Мобильдік қосымшаларда, сайтта және Qiwi терминалдарында төлем жасау мүмкіндігі жоқ пайдаланушылар үшін оператордың тәулік бойы төлем қабылдау орны қарастырылған.

Сұрақтар туындаған жағдайда 24/7 режимінде оператормен байланысуға болады. Ол үшін кіру және шығу бағандарында IP-байланыс құрылғылары орнатылған.
Тұрақ платформасын жаңалау барысында Нұр-Сұлтан қаласының ауа райы ескерілді. Тұрақ жабдықтары -50 С°дейінгі температурада жұмыс істей алады.

Тұрақ платформасының маңызды жаңалықтарының бірі – көлік құралдарының мемлекеттік тіркеу нөмірлерін тану. Тұрақ пайдаланушылары кіру карталарын бір-бірімен алмастыра алмайды немесе тұрақ уақытын төлемей кете алмайды.



Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109