3650

Нұр-Сұлтанда істен шыққан және апатты деп танылған 100-ден астам лифт жаңартылады

Жарты жылға жетпейтін уақыт ішінде 100 лифт жаңартылады. Бүгінде оның 30-ы қойылып үлгерген. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов өзінің «Инстаграм» парақшасында жазды, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.

«Көппәтерлі үйлердің тұрғындары үшін  лифттер аса қажет екені белгілі. Өкінішке қарай, кейбір үйлердегі лифттер апатты жағдайда, ал кейбіреулері тіпті жұмыс істемейді де. Біз биыл лифтін ауыстыратын үйлердің тізімін жасадық.

Мысалы, «Sun city» (Ғабдуллин көшесі, 11) тұрғын үй кешенінде бір подъездің лифті 2009 жылдан бері жұмыс істемеген, ал басқалары апатты жағдайда болыпты. Адамдар бірнеше рет лифтте қамалып, мамандарды шақыруға мәжбүр болған.

Енді осы үйге «Нұрлы жер 2020-2025» тұрғын үй - коммуналдық кешенді дамыту бағдарламасы аясында жаңа лифттер орнаттық.

Жарты жылға жетпейтін уақыт ішінде 100 лифтті жаңартамыз, оның 30-ын қойып үлгердік.

Бұған қоса, сол тұрғын үй - коммуналдық кешенді дамыту бағдарламасы бойынша 50-ден астам көппәтерлі үйлерді жөндеуден өткіземіз, олардың ішінде мысалы - «Орбита», «Территория комфорта-2», т.б. тұрғын үй кешендері бар», - деп жазды Алтай Көлгінов.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109